A place where you need to follow for what happening in world cup

Сыбайлас жемқорлыққа қарсы өзара ынтымақтастық Меморандумына қол қойылды

178

«Antikor» фронт-офисінде бірлескен меморандумға қол қою рәсімі өтті.
ҚР Президенті Қ.Тоқаев өз сөзінде: «Қоғамның басты талабының бірі – әділдік пен заң үстемдігін орнату. Бұл жолдағы ең үлкен кедергі сыбайлас жемқорлық екені сөзсіз. Біз осы қоғамдық кеселді қалайда жеңуіміз керек. Бұған қатысты менің ұстанымым өзгермейді» — деп атап өткен болатын.
Меморандумды қабылдаудағы басты мақсат – Жамбыл облысында сыбайлас жемқорлыққа қарсы ымырасыз күрес жүргізу, осы жұмысты мемлекеттік органдармен қатар, қоғам өкілдерінің де қатысуын қамтамасыз ету.
Сыбайлас жемқорлыққа қарсы саясатының 2022-2026 жылдарға арналған тұжырымдамасының ТӨРТІНШІ міндеті: «Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимылда азаматтық қоғамның рөлін күшейту» бағыты бойынша құрметті мемлекеттік қызметшілер мен жастар ұйымдары көшбасшыларының қатарынан спикерлер пулы құрылды. Облыстық қоғамдық кеңестің жанында азаматтық бақылауды жүргізетін сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл жөніндегі комиссия құрылды, басқа да шаралар іске асуда.
Осы орайда, Жамбыл облысында билік пен қоғам сыбайлас жемқорлыққа қарсы өзара ықпалдастық танытып ҚР-ның Сыбайлас жемқорлыққа қарсы саясатының 2022-2026 жылдарға арналған тұжырымдамасын іске асыру мақсатында халықтың сыбайлас жемқорлыққа қарсы мәдениет қалыптастыруға және жемқорлық көріністеріне «нөлдік» төзімділік таныту мақсатында Меморандумға қол қойылды.
Меморандумға қол қойған тараптар:
— «ЖАҢАРУ» Сыбайлас жемқорлыққа қарсы жалпыұлттық қозғалысы» республикалық қоғамдық бірлестігі Жамбыл облыстық филиалының директоры Қ.Төлендиев;
— ҚР Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің Жамбыл облысы бойынша департаментінің басшысы Б.Жылқыбаев;
— Жамбыл облысы бойынша ҚР Бас прокуратурасының құқықтық статистика және арнайы есепке алу жөніндегі комитетінің басқарма басшысының м.а. Г.Дүйсембекова;
— Жамбыл облысы әкімі аппаратының басшысы М.Мәтен;
— Облыстық қоғамдық кеңестің төрағасы М.Әбдіраймов;
— «Аманат» партиясы Жамбыл облыстық филиалы жанындағы Мемлекеттік басқаруды дамыту және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл жөніндегі қоғамдық кеңестің төрағасы Қ.Жетібаев;
— «Әділет жолы» РҚБ Жамбыл облысы бойынша филиалының жетекшісі Н.Жувандикова.

Пікір қалдыру

Your email address will not be published.