Жамбыл облысы бойынша Қылмыстық-атқару жүйесі департаментінің бастығының орынбасары әділет полковнигі – Бекболат Бөгенбайұлы Ескеев басшылығымен «Суицид және отбасылық қарым-қатынастың әсері» тақырыбында дөңгелек үстел іс-шаралары өткізілді.
Дөңгелек үстел модераторлары Жамбыл облысы бойынша ҚАЖ департаментінің сотталғандар арасында тәрбие және әлеуметік психологиялық жұмысының бас маманы әділет майоры Танашева Айгуль Слямгазиевна және ЖД-158/4 мекемесінің аға инспектор психологы – әділет капитаны Оспаналиева Рита Садуакасовна тақырып бойынша дәріс оқып, түсіндірме жұмыстары жүргізілді.
Оған қосымша, Жамбыл облысы бойынша ҚАЖ департаментке мекемелерінің аға инспектор психологтары, психологтары қатысты. Тақырыпты жан-жақты ашық талқылау мақсатында қонақ болып Ұлттық қауіпсіздік комитетінің әлеуметік – психологиялық қамту маманы ҰҚК капитаны Мауленова Қарлығаш Иманкуловн; психоаналитик – Исатаев Ертай Исатаевич; Облыстық психикалық денсаулық сақтау орталығының психолог мамандары – Калашникова Оксана Валерьевна, Айдарбек Актоты келіп дөңгелек үстелге өз үлестерін қосты.
Сонымен қатар, М.Х. Дулати атындағы Тараз өңірлік университетінің аға оқытушылары – Абдыбаева Гульсара Мухашевна, Алпысбай Ляйля Алпысбайқызы келіп «Суицид және отбасылық қарым-қатынастың әсері» атты тақырыбқа өз көзқарастарымен бөлісіп, өзіне-өзі қол жұмсау әрекетінің алдын-алу үшін қандай әдіс-тәсілдер жүргізу тиімді екендігімен бөлісті.
Іс-шара нәтижесінде сотталғандармен топтық және тренинг кездесулері ұйымдастырылатыны және түзеу мекемелеріне бару, психологиялық көмек көрсету жұмысы облыстық психологтарымен ұсыныстар қабылданды.
Айгүл Танашева,
Жамбыл облысы бойынша Қылмыстық-атқару жүйесі департаментінің сотталғандар арасында тәрбие және әлеуметтік психологиялық жұмыс тобының бас маманы, әділет майоры