A place where you need to follow for what happening in world cup

Студенттерге жатақханада жайлы жағдай жасалғған ба?

371

Қазақстан Республикасының Тұңғыш Президенті, Елбасы Н.Ә.Назарбаевтың 2018 жылы «Президенттің бес әлеуметтік бастамасы» атты халыққа арналған Үндеуінде студенттерді жатақханамен қамтамасыз етуге де баса назар аударылған есте.

Өз кезегінде «Nur Otan» партиясы облыстық филиалы Президент басымдық берген мәселенің жергілікті жерде оң шешілуін қатаң бақылауға алған. Жыл басында «Nur Otan» партиясы Жамбыл облыстық филиалы партиялық бақылау комиссиясында жоғарғы оқу орындары ректорларының есептері тындалған еді. Осы отырыста М.Х.Дулати атындағы Тараз мемлекеттік университеті (қазіргі Тараз өңірлік университеті) мен Тараз мемлекеттік педагогикалық университетінің басшылары жыл соңына дейін қолданыстағы жатақханаларды күрделі жөндеуден өткізу және жаңа студенттер үйін пайдалануға берілетін айтқан. Хаттамалық тапсырмаға сай университет ректорларының өз уәдесінің үдесінен шығуы арнайы партиялық рейд кезінде зерделенді.

Рейд нәтижесінде жұмыстардың тиісті деңгейде орындалып жатқаны және олардың межелі мерзімінде пайдалануға беруге мүмкіндігі бар екендігі белгілі болды.

Пікір қалдыру

Your email address will not be published.