A place where you need to follow for what happening in world cup

Сотталғандарды босатуға дайындау, қайта әлеуметтендіру

736

Сотталғандарды босатуға дайындау ҚАЖ мекемелері қызметінің маңызды
аспектісі болып табылады. Осы міндетке байланысты мекемелер тұрғын ұй және еңбек мәселелерін шешуге, әлеуметтік бейімделуге, сондай ақ сотталғандарды кайта әлеуметтендіруге көмек көрсетуге бағытталған шаралар кешенін жүзеге асырады. Осы бағытта ағымдағы жылдың 13 акпанында Жамбыл облысы бойынша ҚАЖД №67 мекемесінің ғимаратында облыстық ҚАЖ департаментінің САТЖӘПБ бас маманымен өзара бірлескен «Жазасын өтеу кезінде сотталғандарды қайта әлеуметтендіру, босатылуға дайындау» атты сотталғандарға Кеңес өткізілді.
Аталған кеңеске жергілікті атқарушы органдарынан Тараз қаласы әкімінің кеңесшісі, Қоғамдық бақылау комиссиясының төрағасы, Енбек мобильдігі «Мансап орталық» филиалының маманы, Тараз қаласы Пробация қызметінің инспекторы шақыртылды.
Кеңестің мақсаты қайта әлеуметтендіру сотталған адамды қоғамға толыққанды мүшесі ретінде әлеуметтік мәртебесін қалпына келтіру, яғни оны құқық нормаларымен жалпы қабылданған мінез-құлық нормалары негізінде қоғамдағы тәуелсіз өмірге қайтару болып табылады, яғни сотталғандар өздеріне керекті сұрақтарына жауап алып, ұйымдастырылған кеңестен оң әсерімен шықты.

Пікір қалдыру

Your email address will not be published.