A place where you need to follow for what happening in world cup

Сотталғандар бейне байланыс арқылы жақындарымен сөйлесті

167

Сот үкімімен бас бостандығынан айырылған азаматтардың сыртқы әлеммен қарым-қатынасы тоқтамайды. Жазасын өтеушілердің жақын адамдарымен байланыста қалуға құқығы бар. Хат жазып, қоңырау шалуға болады. Ал қазіргі заманғы технологиялар адамдарға қашықтықта көрінуге мүмкіндік береді.
Жамбыл облысы бойынша ҚАЖ департаменті ЖД-158/5 мекемесінде сотталғандар азаматтар үшін сотталғандар үшін олардың туыстарымен және жақындарымен “Skype” арқылы бейнекездесу ұйымдастыру қолға алынған. Бейнеқоңыраулар коронавирустың таралу қаупін азайтуға мүмкіндік берсе, екінші жағынан сұхбаттасып жатқан адамдар бір-бірін тек қана естіп қана қоймай, көре алады.
“Маған жақындарымды көруге мүмкіндік сыйлаған мекеме басшылығына алғысымды білдіремін. Олар бейнекбайланыс арқылы менің денім сау екеніне көзін жеткізді. Мен де туыстарымды көріп қуанып қалдым. ”, – дейді ЖД-158/5 мекемесінде Руслан есімді жазасын өтеуші.

Венера Каракозова,
ЖД-158/5 мекемесінің жасақ бастығы әділет аға лейтенанты

Пікір қалдыру

Your email address will not be published.