A place where you need to follow for what happening in world cup

Сот жұмысы карантинге қарамайды

215

Қазіргі уақытта Республикамызда COVID-19 пандемиясына байланысты төтенше жағдай тоқтатылғанмен карантин режимі ұзартылды.

Сот қызметкерлері және сотқа келушілердің денсаулығын сақтау мақсатында сот кеңсесінің кіріс хат-хабарларды қабылдау кезінде санитарлық талаптарды орындау қажеттігі, карантин уақытында сот процессіне қатысушылардың сотқа келуі әрі қарай шектелетіні, сот өндірісінде және сот қызметіне қатысы жоқ тұлғалардың сот ғимаратына кіруіне, сонымен қатар көпшілік адамдардың жиналуына тосқауыл өз күшінде қалдырылған.

Кіріс кеңсесінің жұмысы қашықтықтан «Сот кабинеті», ЭҚАБЖ сервистері арқылы электрондық түрде уақытылы жүзеге асыралады.

Карантин шараларын енгізу электрондық түрде құжат айналымның көбеюіне себепші болып, сот өз қызметін онлайн режимде жалғастыруда.

Сот қылмыстық, азаматтық, әкімшілік істер мен материалдарды «WhatsАpp», «TrueConf» және т.б. мобильдік қосымшалардың көмегімен қашықтықтан қарайды.

Осы жағдайларда сот қызметкерлерінің жауапкершілігі әлі де күшейтілген, соттың сот төрелігін үздіксіз жүзеге асырылуы сот қызметкерлерінің іс-әрекеттеріне тікелей байланысты.

Сот қызметкерлерінің және азаматтардың  қауіпсіздігін сақтау мақсатында сот ғимараты  маскалармен, антисептиктермен және арнайы қолғаптармен қамтамасыз етілген, сонымен қатар сот ғимаратына кірер алдында кірушілердің қызуы арнайы құралмен өлшенеді.

Карантин шараларын енгізу азаматтардың бұзылған құқықтарын және заңды мүдделерін сот тәртібімен қорғауына кедергі келтірмейді.

Досжан Төленбеков,

Жамбыл аудандық сотының төрағасы 

Пікір қалдыру

Your email address will not be published.