A place where you need to follow for what happening in world cup

Сіз нағыз қарапайым еңбек адамын танисыз ба?

317

Жамбыл ауданы №6 Өрт сөндіру бөлімінің өрт сөрндіруші-құтқарушы , азаматтық қорғау старшинасы Абдиханов Маратжан Даулетханович 1976 жылы Жамбыл облысы, Жамбыл ауданы, Аса ауылында әкесі Дәулетхан мен анасы Кулзабира отбасында дүниеге келген. Маратжан 4 баланың ішіндегі ең тұңғышы. Ол өзінен кейінгі 1 інісі 2 қарындасына әрдайым ағалық ақылын айтып, үлгі бола білді. Ал 1983 жылы Аса ауылындағы №1 орта мектебінің табалдырығын аттап 1993 жылы тәмамдаған. 1994-95 жылдар аралығында Үшарал қаласы №2484 әскери бөлімінде қатардағы жүргізуші лауазымында Отан алдындағы борышын өтеген. 1997-1999 жылдары Қазақстан Республикасы Оңтстік Қазақсатан Кентау қаласында Мемлекеттік күзет бөлімінде бөлімше командирі. Сондай-ақ 2003 жылдан бастап Жамбыл ауданы 6 өрт сөндіру бөліміне өрт сөндіруші-құтқарушы лауазымына орналасып, адал еңбегімен бүгінде лауазымында қызмет етеді . Ол осынау жылдар ішінде өзінің әріптестерімен бірге түрлі өрттер мен апаттарды жою операцияларына белсенді қатысып келеді. Сондай естеліктерге толы оқиғалардың қатарында мына бір жайт көптің есінде жақсы сақталған екен, ендеше оны сіздермен де бөлісейік.
2023 жылы Жамбыл облысы Жамбыл ауданы Аса ауылында орналасқан «АГӨЗ» аумағында өрт шыққан. Ал дәл сол күні кезекшілік ауысымда тұрған Маратжан бастаған қарауыл өрт сөндірушілер шақырту орнына жедел жетіп, алғашқы барлау жұмыстарын жүргізеді. Жедел түрде газ-түтіннен қорғау буынына қосылған жігіттер бет шарпитын қызыл жалын мен тынысты бітейтін қою қара түтіннің арасына кіріп, ашық оты дер кезінде сөндіріп, ғимарат ішіндегі адамдарды қауіпсіз аумаққа көшірді.

Пікір қалдыру

Your email address will not be published.