A place where you need to follow for what happening in world cup

Шымкент тұрғындарына 1,5 млрд теңгеге жалған шот-фактура жазып бергендер сотталды

126

Шымкентте 1,5 млрд теңгеге жалған шот-фактура жазу фактісі анықталды, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі.

Бұл туралы қаржы мониторингі агенттігінің облыстық департаменті хабарлады.

«Сот үкімімен М.А.Әжібаев, А.О.Ақынов және А.Ақын қылмыстық құқықбұзушылық жасағаны үшін кінәлі деп танылды. Оларға 2 жыл мерзімге бас бостандығынан айыру, 7 жылға қаржы қызметімен байланысты лауазымдарды атқару құқығынан айыру жазасы тағайындалды», — делінген ведомство хабарламасында.

Сонымен қатар сотталған тұлғаның атына тіркелген «Toyota» маркалы автокөлік тәркіленіп мемлекет меншігіне қайтарылды.

Пікір қалдыру

Your email address will not be published.