A place where you need to follow for what happening in world cup

Шулық шаруалардың шырайын жаңа жоба кіргізуде

313

Бүгінде қораны малға, табысты молға толтыруға бағытталған пилоттық жоба Шу ауданындағы Жаңақоғам ауылдық округінде сәтті жүзеге асырылуда. Себебі, мұндағы тұрғындар қанат қақты жобаға атсалысып, тұрмыстарын түзеуге кірісіп те кеткен.
Мәселен, аталған ауылдық округтен 190 тұрғын жобаға қатысуға ниет білдірсе, бүгінгі күні олар 628, 2 млн. теңге несие алған. Қажетті қаражатқа қол жеткізген ауыл тұрғындары өз ауласына бақша егіп, көктемнің әр күнін тиімді пайдалануда.
Қазіргі уақытта жобаның бірінші бағыты үй іргесіндегі жерлерді тиімді пайдалану бойынша 25 аулаға қияр дақылы отырғызылса, ауыл сыртындағы 680 гектар егістік жерге дәнді масақты дақылдар мен көпжылдық шөп егілген.
Осындай жұмыстарда тұрғындарға қолғабыс жасау мақсатында ауылдық округте «Омар-Шу» ауыл шаруашылығы кооперативі құрылып, оған үй іргесіндегі жерлерді игеру үшін — 11,0 млн. теңге, ауыл сыртындағы жұмыстарды жүргізуге — 33,8 млн. теңге қаржы аударылған.
Айта кету керек, кооперативке биылғы жылдың басында 116,2 млн. теңгеге 15 дана әртүрлі ауыл шаруашылығы техникалары сатып алынған болатын.
Бұдан бөлек, Жаңақоғамда жалпы құны 4,0 млн. теңгені құрайтын, аумағы 3,2 соттық 1 жылыжайдың құрылысы жүргізілуде. Бүгінде құрылыстың 60 пайызы аяқталған. Алдағы уақытта жылыжайда қияр, құлпынай, жасыл (зелень), қырыққабат дақылдарын өсіру жоспарлануда.
Ауылдық округте мал басы да артып келеді. Жоба аясында 189 тұрғынға 4701 бас мал сатып алу үшін 610,2 млн. теңге нисие берілсе, бүгінгі күні 179 тұрғын 494,5 млн. теңгеге 4133 бас мал (472 бас МІҚ, 508 бас жылқы, 3153 бас ұсақ мал) сатып алған.
Сондай-ақ, ауыл тұрғындарының кондитерлік цех ашу бойынша жобасына 2,99 млн. теңге қаржы аударылып, бұл жобаны мамыр айында іске қосу көзделіп отыр.

Тұңғыш Жанұзақов,

облыс әкімдігі ауыл шаруашылығы басқармасының баспасөз хатшысы

Пікір қалдыру

Your email address will not be published.