A place where you need to follow for what happening in world cup

Шуда шегірткеге қарсы 10 355 гектар алқап өңделмек

219

Шу ауданы  болжамдау орталығынын мәліметі бойынша  2020 жылы саяқ және аса қаіпті зиянды организмге жататын шегіртке зиянкестеріне қарсы  барлығы – 10355 гектар ауылшаруашылық жерлер өңделеді деп болжамдалған. Оның ішінде марокко шегірткесіне қарсы -885 га, итальян шегірткесіне қарсы – 7650 га, азиат шегірткесіне қарсы – 800 га және саяқ шегірткеге 1020 га.   Ұшақпен өңделетіні – 5400 га, ал жер үсті — 4955 гектар.

Бүгінгі күнге дейін барлық өңделгені жер үсті техникасымен – 4955 га ал ұшақпен 1600 га.

Марокко шегірткесіне қарсы барлығы  20000 гектар ауылшаруашылық жерлері тексеріліп оның ішінде 885 гектар алқаптағы мароккалық шегірткелердің дернәсілдері 1 шаршы метрдегі қоныстанғаны 5 данадан жоғары болып химиялық өңдеу жұмыстары  885 га  жүргізілді. Мароккалық шегірткеге қарсы химиялық өңдеу жұмыстары Далакайнар және Балуан шолақ ауылдық округтеріндегі ауыл шаруашылық жерлері өңделді, қызмет көрсетуші ЖК «Исмуханов».

Италиялық  шегіртесіне қарсы барлығы  65100 гектар ауылшаруашылық жерлері тексеріліп   анықтау нәтижесінде  6850 гектар жердегі итальяндық  шегіртке дернәсілдері экономикалық зияндылық шегінен жоғары болуына байланысты жер үсті техникасымен  3050 га — қызмет көрсетуші ж/к «Аккозов», ал ұшақпен 1600 га- қызмет көрсетуші ЖШС «Аэросервис-Тараз» өңделді.

Саяқ шегірткеге қарсы аудан көлемінде  5000 га мемлекеттік қор иелігіндегі  жерлер тексеріліп оны ішінде 1020 гектар жердегі саяқ шегіртке экономикалық зияндылық шегінен жоғары болғанына байланысты   «Есбергенов Елемес» ЖК жер үсті у бүріккіш техникасымен химиялық өңдеу жұмыстарын жүргізді.

Химиялық өңдеу жұмыстары Шу ауданының  ауылдық округтерінің жерлерінде одан әлі  жалғасып  өңдеу жұмыстарына «Комбат» ,  «Диурон», «Гунсяо»  және «Имидор» инсектицидтері қолданылуда.

Пікір қалдыру

Your email address will not be published.