A place where you need to follow for what happening in world cup

Шуда 80 пәтерлік 3 үй салынады

304

Бүгінгі күнге Шу ауданындағы өзекті мәселелердің бірі – азаматтарды тұрғын үймен қамту. Тұрғын үй кезегінде 1429 азамат тіркелген. Аталған мәселесін шешу бағытында Шу қаласы «Жетісу» ықшам ауданындағы  80 пәтерлік  3  үйдің құрылысына ЖСҚ дайындалып, бюджеттік өтінім берілді. Аталған үйлердің құрылыс жұмыстарына қаржы бөлінген жағдайда кезекте тұрған 240 азаматтың тұрғын үй мәселесі шешілетін болады.

Сонымен қатар, жеке тұрғын үй салу үшін жер кезегінде  5720 азамат тұр. (Шу қаласында -3986, Төле би-1464, Алға -270). Биылғы жылдың соңына дейін кезектегі Шу қаласы, Төле би, Алға ауылдарын жалпы саны 2523 азаматқа жер телімін беру жоспарланып отыр.

Өткен жылы облыс әкімінің бастамасымен «Асарлатып үй салу» жобасы қолға алынып, халықтың ұйымдасуымен ауылдық елді-мекендерде 15 үйдің құрылысы басталды.  7 үй пайдалануға берілді, қалған 8 үй осы жылы табысталатын болады.

Сондай-ақ, «Дипломмен ауылға» бағдарламасы аясында 2020 жылы 61 маман (1 маманға-4,2 млн тг) бюджеттік несие арқылы тұрғын үймен қамтылды.  2021 жылға бағдарлама аясында 40 маманды тұрғын үймен қамту жоспарланып отыр.

Пікір қалдыру

Your email address will not be published.