A place where you need to follow for what happening in world cup

Шуда 7,2 млрд. теңгенің инвестжобалары жүзеге асуда

162

2020 жылдың қорытындысымен Шу ауданының әлеуметтік-экономикалық көрсеткіштерінде оң динамика бар. Бұл туралы аудан әкімі Нұржан Календеров аудан тұрғындары алдында берген қорытынды есебінде мәлімдеді.

Оның сөзінше, өткен жылы ауданда өнеркәсіп саласында өндірілген өнім көлемі 100,6 пайызға, ауыл шаруашылығы саласының өнімі 103,2 пайызға, құрылыс жұмыстары 100,2 пайызға, пайдалануға берілген тұрғын үй көлемі 120,7 пайызға орындалған.

– Тасөткел су қоймасында құны 2,2 млрд теңгені құрайтын «А-Т Энерго» ЖШС-нің су электр станциясының екінші кезеңі, Шу қаласында асфальт зауыты іске қосылды.  Сонымен қатар, жалпы құны 5  млрд. теңгені құрайтын 4 инвестициялық жобаның құрылыс жұмыстары аяқталуға жақын. Олар  – Шу қаласындағы элеватор, макарон цехы, битум зауыты, Бірлік ауылындағы элеватор және көкөніс сақтау қоймасы, – деді аудан әкімі.

Одан бөлек, «Тараз Химиялық Паркі» арнайы экономикалық аймағында 680 млрд. теңгені құрайтын 9 инвестициялық жобаны жүзеге асыру жоспарлануда. Осыған орай, биыл химиялық  паркте жоспарланған жобаларды іске қосу жұмыстарына баса назар аударылмақ.

Пікір қалдыру

Your email address will not be published.