A place where you need to follow for what happening in world cup

Шу ауданының әкімі Ж. Айтақовтың 1 маусым — Халықаралық балаларды қорғау күнімен құттықтауы

537

Құрметті балалар,
ата-аналар!
Тәуелсіз еліміздің болашағы бүлдіршіндер деп білемін. Бүгінгі бала, ертеңгі жас. Жастар ұлтымыздың ар-намысы, беделі мен қайраты. “Тәрбие тал бесіктен” демекші, қазірден тәртіпті бойға сіңіріп өссеңіздер патриоттық сезімі мол азамат болып қалыптасатындарыңызға сенім зор.
Халықаралық балаларды қорғау күні 1950 жылы Біріккен Ұлттар Ұйымының Бас Ассамблеясының қолдауымен қолға алынып, осы ұйымға мүше елдерге ұсынылған. Содан бері тойланып келе жатқан мереке біздің елде де үлкен маңызға ие. Балалар болашағымыз болғандықтан, қандай қамқорлықты болса да көрсету біздің міндетіміз.
Жайнаған жазбен қатар келген мейрамдарыңыз тек қана атап өту мақсатына құрылған мереке ғана емес, сонымен қатар болашаққа бағдар жасайтын маңызды шараның бірі. Осы арқылы біз балалардың қоғамның ең басты рөл атқаратын мүшесі екенін сезініп, келер күн көкжиегін топшылайтын тұлға қалыптастырып отырғанымызды түсінеміз.
Жер жаһанды жыл сайын түрлендіріп, думанды күйге бөлеп шарықтататын осынау мереке бала жүрегін ғажайып сезімге бөлейтіні рас. Әр бала әр шаңырақтың періштесі.
Құрметті бүлдіршіндер, өскелең ұрпақ!
Мерекелеріңіз құтты болсын! Бақытты балалық шақтың базарында күліп-ойнап жүре беріңіздер. Жүздеріңізді шаттық кернеп, ата – аналарыңыздың сенімін ақтап, ел туын көкке көтерер азамат болып өсіңіздер. Денсаулықтарыңыз мықты болып, оқуда алғыр, қатарда озат болып, күміс күлкілеріңізбен айналаны нұрға бөлеп, жаздай жадыратыңыздар.
Еліміз тыныш, деніміз сау болып, жұмысымыз жемісті болсын.

Пікір қалдыру

Your email address will not be published.