A place where you need to follow for what happening in world cup

Шу ауданында ахуал тұрақты

176

Шу ауданында коронавирус инфекциясының таралуының алдын алу және болдырмау шаралары тұрақты түрде жүргізілуде.

Атап айтқанда, аудан бойынша коронавирус инфекциясымен жалпы 1 науқас тіркелген, бүгінгі күні толығымен емделіп, үй карантинінде.

  • Провизорлық стационарда – 1 адам;
  • Карантиндік стационарда – 2 адам;
  • Үй жағдайындағы карантинге –  47 адам тұр.
  • Карантиннен шығарылғандар саны – 132 адам.
  • Аудан аумағынан тыс жерде – 114 адам.

Бақылауда тұрған барлық тұлғалардың денсаулық жағдайлары тұрақты.

Жалпы, ауданда медициналық бұйымдар мен қажетті препараттардың жеткілікті қоры бар.

Мәселен, қалыптасқан қорда 192  бір реттік костюм, 224  көп рет қолданылатын костюм, 3 822 бір реттік маска, 2134  респиратор, 276 литр  антисептик, 63 000 таблетка және 130 литр дезинфекциялық заттар бар.

Бұдан бөлек, аудан аумағында қалыпты режимде 8 дәріхана жұмыс істейді (барлығы 26). «Пульс и К», «Фарм» дәріхана желілерінде бетперделер (көпреттік) 120 теңгеден сатылуда.

Жеке кәсіпкер СПК «Бірлік» күніне 1000 бетперде (көп ретті)  тігіп, аудан аумағындағы дәріханаларға, дүкендерге 90 теңгеден сатуда.

Ауданда тәуліктік қуаттылығы 1500-1700 дана  бетперде тігетін жалпы 3 жеке кәсіпкер (СПК «Бірлік», ЖК «Абдуманапова Д», ЖК «Джумабекова К»)  бар. Аталған кәсіпкерлер 1 бетперденің бағасын 100-150 тг аралығында сатуда.

Ал, дезинфекциялау жұмыстары халық көп шоғырланатын орындарда, автобус аялдамаларында, көшелерде, көпқабатты тұрғын үйлердің аулаларында белсенді жүргізілуде.

Бұл жұмыстарға аудан әкімдіктері тарапынан барлығы 20 млн қарастырылып, 24 адам, 5 бірлік арнайы техника, 8 дана құрылғы жұмылдырылған.

Осы жұмыстардың нәтижесінде 17 наурыздан бастап жалпы аумағы 2 млн 858 мың 880 м2 орындар дезинфекцияланды, күнделікті  95 296 шаршы метр аумақ дезинфекциялануда.

Пікір қалдыру

Your email address will not be published.