Ауданда жүріп жатқан егін орағының барысы туралы аудандық ауыл шаруашылығы бөлімінің сектор меңгерушісі Сәбит Нұрлыбаевтан сұрап білген едік.
— 2020 жылдың өнімі үшін 57 221 гектар алқапқа (2019 жылы 53 789 га, 106,3 %) ауыл шаруашылығы дақылдары егілген болатын. Оның ішінде 27 750 га арпа, 3593 га көпжылдық шөп, 21 588 га майлы дақылдар, 2560 га картоп, 680 га көкөніс, бақша дақылдары, 300 га дәндік жүгері 750 га сүрлемдік жүгері.
37 424 гектар алқап ораққа түседі деп күтілуде. Таратып айтар болсам, оның ішінде күздік бидай 9674 гектар болса, жаздық арпа алқабының көлемі 27 750 гектарды құрайды. Бүгінгі күнге масақты дәнді дақылдарды ору науқаны жалпылама алғанда барлық ауылдық округтерде басталды.
Тек қана ауданның таулы аймағында
орналасқан Қошқарата, Боралдай және Күреңбел ауылдық округтерінде масақты дақылдар толық пісіп, жетілмегендіктен басталған жоқ. Бүгінгі күнге жалпы аудан бойынша 6633 га (17,7 пайыз) орылып, әзірше орташа өнімділік әр гектардан 15,6 центнерден айналуда. Түсімі 10 347 тонна. Қолда бар астық жинайтын комбайндардың саны 119 дана болса, егін орағы науқанына қатысып жатқаны 56 дана.
Осы орайда өнімді уақтысында ысырапсыз жинап алып, қамбаға құю жұмыстары да маңызға ие екені белгілі. Сонымен науқанды уақтылы бастап, аяқтау мақсатында Павлодар облысы және Өзбекстан Республикасынан да егін оратын комбайндар қарастырылып, келісім жасау жұмыстары да жүруде. Биылғы жылы аудан шаруалары жанар-жағармайдан қысылмайды. Жанар-жағармай бойынша күзгі дала жұмыстарына оператор болып аудан көлемінде «Ақ қайың» ЖШС бекітілген болатын. Облыстық ауыл шаруашылығы басқармасына науқандық жұмыстарға қажетті 1047 тонна дизель отынына сұраныс тапсырылды. Бүгінгі күнге ауданның шаруа қожалықтары дизель отынымен толық қамтылған деп айтуға болады,- дейді ол.
Sign in
Sign in
Recover your password.
A password will be e-mailed to you.
Алдыңғы жаңалық
Келесі жаңалық