Бүгінде Жамбыл облысында жүзеге асып жатқан «Жамбыл облысы тұрғындарының тұрмыстық табысын жақсарту» жобасы ауыл халқы үшін үлкен мүмкіндік болып отыр.
«Мал баққанға бітеді» деп бекер айтылмаған. Ниет болса, екі қолға бір күрек қашан да табылады. Қазір қол қусырып қарап отыруға болмайды. Міне, осындай мүмкіндіктерді біздің аудандықтарда тиімді пайдаланып мемлекеттің қолдауын сезінуде,-дейді Сарысу аудандық жұмыспен қамту орталығының директоры Темірлан Абдраев.
Шағын несие және грант беру уақытында нәтижелі жұмыспен қамтудың 2017-2019 жылдарға беріліп жатқан гранттар бойынша 2019 жылғы жоспар бойынша 364 азаматтқа грант беру жоспарланып, бүгінгі таңда 364 азамат грант алған. Бүгінгі таңда олар өздерінің шағын бизнестерін жүргізіп отыр. Сонымен қатар 2020 жылы жоспар бойынша 240 азаматтқа бес жүз отыз мың екі жүз теңге несие беру жоспарланып, өткен айда жоспар бойынша 34 азаматқа несие берілді. Несие алған кісілер қаражаттарын мақсатты пайдалануда.
Ал, былтырғы жылы несие алған 364 азаматтардың несиелерін қалай, қандай мақсатта жұмсағаны туралы маниторинг жүргізіліп жатыр.
Ешқандай қолдау, көмек ретсіз ысырап болуына жол жоқ. Олар біздің бақылауымызда деген орталық директорының айтуына қарағанда ауданда көптеген жұмыстар атқарылуда.
Өткен жылдары несиені категориялар бойынша алған. 2020 жылы өзгерістер еңгізіліп, қазіргі кезде көпбалалы отбасылар,атаулы әлеуметтік көмек алушылар, оралмандар осы үш категориялар бизнес бастау және қысқа мерзімдік кәсіпкерлікті оқуды оқымай бағдарламаларға қатыса алады. Басқа азаматтар қысқа мерзімді кәсіпкерлікті және бизнес бастау арқылы оқып сертификат алып қатыса алады екен. Қолдау мен сұранысқа ие болғандықтан тізімі жасақталуда. Бұл жоспарды аудандықтар толығымен орындаймыз деп отыр.
Берекелі істің жемісті болғанына сертификат алып, кәсіптерін бастаған көпбалалы аналар дән риза. Үй шаруасы мен кәсібін қатар жүргізген олардың рекеті ауыл тұрғындарына болса да үлгі.
Мемлекет тарапынан көпбалалы аналарға өз ісін жүргізуге мүмкіндік берді. Қамқорлық танытып, қолдау көрсетті.
Мемлекеттік қолдаудың арқасында ешкімге алақан жаймай, кәсіптерін бастаған Сарысулықтардың алда тың жоспарлары көп.
Дариха Үмбетиярова, Сарысу ауданы.