Президент Қасым-Жомарт Тоқаевтың дүниежүзін шарлаған қауіпті індет жайлы Жарлығымен таныстым. Мемлекет басшысы — «Бұл індетпен күресуге толық мүмкіндігіміз бар екенін баса айтқым келеді. Бұл қиындықты бәріміз бір халық, бір қоғам болып міндетті түрде еңсеріп шығамыз. Бұл уақытша дүрбелең. Осы дағдарыстан абыроймен өтуіміз керек»-деген сөзі бүкіл қазақ жұртын дүр сілкіндірмей, сабырға шақырғандығы — көрегендігінің көрінісі деп білемін.
Қазіргі таңда коронавирус ауруына шалдықпас үшін жоғарыда отырған сарапшы мамандардың ақыл-кеңесіне аса мән беру қажет екенін ұмытпауымыз керек. Олай дейтінім, күнделікті өмірімізге кері әсерін тигізбейтін сақтық шараларды қолдануымыз керек.
Аталмыш кеселдің түп-тамырын жою — күн тәртібінен түспейтін күрделі мәселе. Мемлекет пен қоғамның іргесін сөгіп, елдің ілгерілеуіне үлкен кедергі келтіретін бұл «кеселмен» күреске Президент Қасым-Жомарт Тоқаев әуелден айрықша мән беріп, осы бағыттағы іс-шараларды күшейту керектігіне бола назар аудартты. Осы тұрғыда Президент Қ.Тоқаев Жарлығы ертеңгі күніміздің айқын дәлелі деп білеміз.
Мемлекет басшысының салиқалы саясатының арқасында халқымыздың ауызбіршілігі артып отыр. Татулығымыз — біздің ең басты құндылықтарымыздың бірі. Мұның қадірін ел-жұртымыз жақсы түсінеді. Отанымыз үшін атқарылған игі жұмыстарды өзара ақылдасып, кеңесе отырып талқылап, оңды шаралар қабылдай білсек, ұтылмаймыз.
Гульханум Мухамеджанова,
аудандық «Насими» Әзірбайжан ұлттық-мәдени орталығының төрағасы,
Шу ауданының Құрметті азаматы.
***
Мемлекет басшысы әлемді алаңдатып отырған індеттің алдын алу шаралын ұйымдастыру үшін арнайы жарлыққа қол қойып, Халыққа үндеу жариялап отыр. Төтенше жағдайға қатысты Жарлықта 2020 жылғы 16 наурыз сағат 8.00-ден 15 сәуір сағат 7.00-ге дейін 30 тәулікке созылады деп көрсетілген. Бұл әрекеттер біздің денсаулығымыз бен жақындарымыздың қауіпсіздігін сақтауға бағытталған. Жағдай тұрақталғанша мектеп оқушылары сабақтан шеттетіліп, студенттер қашықтықтан оқу жүйесіне көшті. Бұл уақытша дүрбелең, сондықтан халық болып бұл қиындықты еңсеріп шығуымыз керек,- деді президент өз сөзінде. Сондай-ақ, бірлік, ауызбіршілік хақында да ой қаузаған Мемлекет басшысы ымырашылдық кез-келген қиындықтың кілті екенін жеткізіп отыр. Әлеуметтік желілер мен басқа да БАҚ-да қызба пікірлер қылаң беріп жатады. Ондай даурықпа, жалған ақпараттарға жол бермеу қажеттігін де айтып өтті. Еліміз аман, жұртымыз тыныш, аталған қауіптен аман өтуімізді тілейміз!
Жұмәділдә Бәйтерек,
Шу ауданының Құрметті азаматы,