A place where you need to follow for what happening in world cup

Сенат Елбасының тағы бір өкілеттілігін алып тастауды ұсынды

1 649

Сенаторлар «Тұңғыш Президент — Елбасы туралы» конституциялық заңға өзгерістертерді енгізу мәселесін қарады, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі.

Соның аясында Елбасының Қауіпсіздік кеңесіне және Қазақстан халқы ассамблеясына өмір бойы төрағалық ету құзіреті тоқтатылады. Сондай-ақ сенаторлар мемлекеттік бастамаларды Тұңғыш президентпен келісу қажеттілігін жоюды ұсынды.

Жоғарғы Палата депутаттары мәжілісмендердің бұрын айтылған барлық өзгерістерін мақұлдады. Бірақ, өз түзетулерін ұсына отырып, заң жобасы төменгі палатаға қайтарылды.

«Сенаторлар заңнамаға енгізіліп отырған мемлекетіміздің Қауіпсіздік Кеңесін, Қазақстан Халқы Ассамблеясын Мемлекет басшысы өзінің қызметіне сәйкес басқаруы тиіс деген өзгерістерді қолдады. Сонымен қатар заңды талқылау барысында бір норма енгізіліп отыр. Ол – «Тұңғыш Президент туралы» заңнан мемлекеттің ішкі және сыртқы саясатына байланысты бастамаларды Елбасымен келісілуге тиіс деген норма алып тасталып отыр. Сондықтан да Сенат заңнамаға енгізілген өзгерістерді тұжырымдамалы түрде қолдап, бір өзгеріспенен Мәжіліске қайтарып отыр»,- деп атап өтті сенатор Ләззат Сүлеймен.

Енді, бұл түзетуді мәжіліс депутаттары қарайды. Ал қабылдаған жағдайда заң жобасы бірден президентке қол қоюға жіберіледі.

Пікір қалдыру

Your email address will not be published.