A place where you need to follow for what happening in world cup

Сарысуда сервистік әкімдік ашылды

341

Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың Қазақстан халқына арнаған Жолдауында «Халық үніне құлақ асатын мемлекет» тұжырымдамасын іске асыру туралы мақсат-міндет жүктелген.
Ол азаматтардың барлық өтініш-тілектерін жедел әрі тиімді қарастыруға мүмкіндік береді.
Сарысу ауданы Жаңатас қаласында «Сервистік әкімдік» ашылды.
Жоба мемлекеттік қызметтің сапасын көтеруді, халықтың цифрлық сауаттылығын арттырып, сыбайлас жемқорлыққа жол бермеу мақсатын көздейді.
Бұдан былай тұрғындар қаланың әр бұрышында орналасқан бөлімдерді іздеп сабылмайды. Барлық жұмысты бір ғимараттан бітіріп шығады.
Жалпы «Сервистік әкімдік» жобасы мемлекеттік қызмет көрсететін мекемелерді бір жерде шоғырландыру және азаматтарға қолайлы жағдай жасаумен де ерекше.
Кеңсе «бір терезе» қағидасы бойынша жұмыс істейді. Яғни келушілер қажетті қызмет түрін бір жерден ала алады. Жобаның басты мақсаты — азаматтардың мемлекеттік қызметшілерге сенімін арттырып, жемқорлық деңгейін төмендету.
Сондай-ақ, бұл жаңашылдық көрсетілетін қызметтің сапасын көтеріп, халықтың цифрлық сауаттылығын жетілдіруге де оң ықпал етпек.
Бұл жаңалықтың тиімдісі – ешкім есік жағалап, ғимарат аралап кетпейді.
Мониторинг нәтижесі көрсеткендей, тұрғындардың дені құрылыс-сәулет, аудан әкімдігінің ауыл шаруашылығы, аудан әкімдігінің жер қатынастары, аудан әкімдігінің кәсіпкерлік және өнеркәсіп бөлімінің мәселелеріне қатысты құжаттар алуға көп уақыт жұмсайды. Енді мұның бәрін электронды нұсқада жылдам ала алады.

Пікір қалдыру

Your email address will not be published.