A place where you need to follow for what happening in world cup

Санитарлық талаптардың сақталуы бақылауда болады

166

Елімізде төтенше жағдай аяқталғанымен аудан халқы арасында коронавирустық инфекцияның таралуын алдын алу мақсатында, Мойынқұм аудандық әкімдігі жанынан құрылған мобильдік топ мүшелері құрамында аудандық тауарлар мен көрсетілетін қызметтердің сапасы мен қауіпсіздігін бақылау басқармасының мамандары, аудандық полиция бөлімінің қызметкерлері және аудан әкімдігінің кәсіпкерлік бөлімінің басшысы Қ.Төлеубеков бастап Қазақстан Респуликасының Бас мемлекеттік санитариялық дәрігерінің «Қазақстан Республикасының халқы арасында коронавирустық инфекция ауруының алдын алу жөніндегі шараларды одан әрі күшейту туралы» 2020 жылғы 22 мамырдағы N 37 Қаулысы, Жамбыл облысының Бас мемлекеттік санитариялық дәрігерінің «Жамбыл облысы аумағында карантин режимін әлсірету туралы» 2020 жылғы 18 мамырдағы № 20 Қаулысының орындалуы бойынша бүгін аудандағы сауда дүкендерін аралап індетке қарсы режим талаптарының және жұмыс уақытының режимінің сақталуына зерделеу жұмыстарын жасады.Сондай ақ барлық мемлекеттік және кәсіпкерлік жұмыс орындарында тазалық пен тәртіпті сақтау, санитариялық және дезинфекциялық іс-шараларды жүйелі түрде жасауды қадағалау керектігіне түсіндіру жұмыстарын жүргізді.

Пікір қалдыру

Your email address will not be published.