Аудан аумағында коронавирус инфекциясының алдын алу және болдырмау мақсатында екі санитарлық пункт құрылған. Оның бірі Шақпақ ауылдық окургінің аумағында, яғни «Батыс Еуропа-Батыс Қытай» халықаралық дәлізінің бойында орналасқан болса, екіншісі Қошқарата ауылдық округінің аумағында орналасқан.
Шақпақ ауылдық округінің аумағында орналасқан пунктте жұмыс қалыпты жағдайда жүруде. Пунктте облыстық полиция батальонының, аудандық полиция бөлімінің қызметкерлері аудандық орталық аурухананың және аудандық тауарлар мен көрсетілетін қызметтердің сапасы мен қауіпсіздігін бақылау басқармасының қызметкерлері қызмет көрсетуде. Полиция бөлімінің қызметкерлері пунктте көліктерді тоқтатып, қоғамдық тәртіпті қадағаласа, медицина саласының қызметкерлері жүргізушілер мен жолаушылардың дене температурасын өлшеп, анкета толтыруда.
— Күніне аудандық ауруханадан бес маман, аудандық тауарлар мен көрсетілетін қызметтердің сапасы мен қауіпсіздігін бақылау басқармасынан екі маман ауысыммен жұмыс істеп жатырмыз. Мамандар жүргізушілер мен жолаушыларды термометр, тепловизор құрылғысы арқылы дене температураларын тексеріп, олардың қайдан келе жатқандығы және қайда бара жатқандығы туралы анкета толтыруда.
Егер тексеру барысында ыстығы көтерілген адам кездессе, оны пунтке кіргізіп, қайта бақылау үшін ыстығын өлшейміз. Екінші рет тексергенде де ыстығы көтеріліп тұрса, аудандық ауруханаға жібереміз. Ол жақтан жауапты мамандар оқшаулау шараларын жасайтын болады. Пункт медициналық маска, антисептикалық құралдар, жалпы залалсыздандыруға арналған құралдармен толық қамтылған. Жедел жәрдем көлігі міндетті түрде кезекшілікте тұрады,- дейді Тараз қалалық тауарлар мен көрсетілетін қызметтердің сапасы мен қауіпсіздігін бақылау басқармасының бас маманы Әсел Батыршаева мен медициналық пункттің бас фельдшері Ариф
Алиакберов.
Sign in
Sign in
Recover your password.
A password will be e-mailed to you.
Алдыңғы жаңалық
Келесі жаңалық