A place where you need to follow for what happening in world cup

«Сәләфи ағымын ұстанушылардың көбі – ауылдан қалаға келген жастар»

214

Ислам тарихын зерделеп қараған кезде түрлі себептермен пайда болған ағымдарды көреміз. Ағымдардың шығу себептері де әртүрлі. Харижит пен шииттер саяси оқиғалар нәтижесінде пайда болса, муғтазилә, қадария, жәбәрия, мәшаббиһә сынды ағымдар аят пен хадистерді тікелей қабылдаудан туындады.Жалпы ағымдардың пайда болуына себеп болған біреше факторлар бар. Біріншіден, аят пен хадисті әрқалай түсінуі. Екінші, муташабиһ аяттарды бұрмалануы, үшіншіден, әлеуметтік жағдай, төртіншіден, үлкен күнә істеген жанның мәселесі, бесіншіден, орын алған саяси оқиғалар және тағы басқа да себептердің әсерінен ағымдар мен топтар пайда болды. Сонымен қатар, сол ағымдар өзара пікір қайшылығына түсіп, іштей тағы да тармақтарға бөлінуі ағымдардың санын одан да бетер арттыра түседі. Мәселе ұғынықты болу үшін қазіргі сәләфилік ағымды алайық. Әуелде бір ағым болған сәләфилер қазір мадхалит, сурурит, такфир болып өзара бөлініп, бірін-бірі адасқанға, кәпірге санап жүрген жоқ па? Дәл солай пайда болған ағымдар да өзара тармақтарға бөлініп кетті.

— Сонау халифалар дәуірінде бой көрсеткен Исламды бұрмалаушы топтар мен бүгінгі деструктивті ағымдардың арасында қандай байланыс бар. Ол екеуінің ұқсастықтары неде?

— Жалпы тарих қайталанудан тұрады. Сондықтан, халифалар тұсында пайда болған ағымдар мен қазіргі деструктивті ағымдардың ұстанымдары өте ұқсас. Тек атаулары басқа демесеңіз, сенімдері бірдей. Мәселен, сәләфилік, уаһһабилік ағым харижит ағымының жаңа көрінісі десек те болады. Тіпті, бұларды «неохарижизм» (жаңа харижиттер) деп те атаған. Құраншы деген ағымның ұстанымы муғтазилит ағымының ұстанымына өте жақын. Екеуі де сүннетті нақты дәлел ретінде қабыл етпейді.

— Қазіргі қоғамдағы жастарымыз жат ағымға қалай тойтарыс береді?          Біріншісәләфилердіңарбауына түспес үшін ең алдымен жастардың, діни сауатты болулары қажет. Жалпы олардың қандай ағым екенін ел білуі тиіс. Сонда ғана жастар да, өзгелер де олардан бойын аулақ ұстайды. Сәләфи ағымының ұстанушылары көбіне ауылдан қалаға келген жастар арасында кеңірек таралды. Сәләфилік ағымның қаншалықты елімізге қауіпті екенін, ұстанымын, ерекшелігін, мақсаты қандай екенін түсіну.

Қазіргі қоғамдағы жастар мен ауыл тұрғындары жат ағымның қандай қаупі барын түсініп, мәселенің ара-жігін ажыратуға көшті. Соның әсерінен бірнеше сәләфи жігіт мешітке келіп, өкпелерін айтып, ауылға бара алмай қалды.

Екінші қоғамдағы өзекті мәселе – ауылдағы имам молдалардың білімін арттыру. Діни білімі таяз имам жат ағыммен қалай күреспек?

— Жат ағым ықпалына түсетін жастардың ортақ белгілер қандай? Қандай категориядағы жастар секта тұзағына түседі?

— Жат ағым ықпалына түсетін жастар көбіне діни білімді интернет арқылы алады. Дінге қызығушылық танытқан адам көбіне мешіт имамынан сұрауға ыңғайсызданып, таныстарынан немесе интернеттен мәлімет алуға тырысады. Сәләфилік идеологияны насихаттайтын түрлі сайттар бар екені белгілі. Ғаламтордағы өрмекшінің торындай болған теріс идеологияны оқыған діни сауаты жоқ немесе таяз жан қалай адасып кеткенін біле алмай қалады. Жалпы жат ағым жетегіне түскен адам бірден өзгере бастайды. Мәселен, сырт келбетін өзгертуден бастап, әрбір сөзінде діни терминдерді қолданып, қандай да бір мәселеге «ширк», «бидғат», «куфр» деген ұғым шеңберінде үкім беруге, бағалауға, таразылауға көшеді.

Жастар мәселенің байыбына бармай көбіне араласатын ортасына, сыныптасына, танысына, спорттағы жетістігіне еліктеп ағымға кіріп кетіп жатады. Орыс тілді жастар арасында интернеттегі діни мәліметке жүгініп, жат ағым құрығына түсіп жатқандар да аз емес. Әрине, жат ағым бір індет болды. Ел болып күресімізді тоқтатпасақ, иншалла бұл індетті жоямыз.

— Ата-аналар баласын сектадан сақтауы үшін не істеуі керек?

— Ата-ана бауыр еті баласына ешқашан жамандық тілемейді. Перзентінің жақсы болғанын қалайды. Жат ағымның зардабын білген ата-ана баласына әуелі дұрыс тәрбие беруі тиіс. Екіншіден, баласының дінге қызығушылығын байқаған сәтте жақын жердегі мешіт имамына барып, баласына дұрыс мәлімет беруін сұрануы қажет. Үшіншіден, өзі де діни сауатын ашуға тырысқаны жөн. Мен ештеңе білмеймін деместен, дін мен дәстүрді ұштастырып, тиісті мәліметті айтып отырса нұр үстіне нұр болмақ. Баласының сұрақтары болса, жауабын біліп, өз кезегінде жауап бере алса, көшедегі адамнан сұрамайды.

Қорыта келгенде қазақи дәстүрімізге сай дастархан басында салихалы әңгіме барысында имандылығымызды тілге тиек етіп, баламыздың санасына сіңіре білу ата-аналық міндетіміз екені ұмытпайық.

Р.Абделиев,

«Адырна-Таразы» жастар қоғамдық бірлестігінің теолог маманы 

Пікір қалдыру

Your email address will not be published.