A place where you need to follow for what happening in world cup

«Рухани жаңғыру» сериясымен алғашқы сегіз кітап келіп түсті

162

Құрметті оқырмандар! Мойынқұм аудандық орталық кітапханасына Алматы қаласының «Алатау» баспасынан «Рухани жаңғыру» сериясымен алғашқы сегіз кітап келіп түсті.

      Жаңғыру- елдің ұлттық — рухани тамырынан нәр ала алмаса, ол адасуға бастайды. Рухани жаңғыру ұлттық сананың түрлі полюстерін қиыннан қиыстырып, жарастыра алатын құдіретімен де маңызды.

  1. «Алтай. Алтын бесік» — кітапбына ғалым жерлесіміз Сәрсен Аманжолов атындағы ШҚМУ доценті, филология ғылымдарының кандидаты Бердібек Бияровтың кең байтақ қазақ өлкесінің қасиетті Алтай, Семей өңірлерінің киелі орындары мен қасиетті жерлері жайлы танымдық мақалалары еніп отыр.
  2. «Тастағы Тараз тарихы» — атты кітапқа екі мың жылдық тарихы бар, көне түркі жұртының шаруашылығы мен мәдениетінің үлкен ошағы болған, тарихи ескерткіштер көп орын тепкен Тараз өңірінің киелі, қасиетті орындары жайлы ғалым Зиба Құламаның зерттеу мақалалары еніп отыр.
  3. «Ұлық шаншылған Ұлытау» кітабына Орталық Қазақстан, қасиетті Ұлытау өңірінің ежелгі тарихы, сол өлкеден орын тепкен Алаша хан, Жошы хан т. б. тарихи ескеткіштер кесенелер, қасиетті орындар жайлы зерттеу мақалалар топтастырылған.
  4. «Отырар алқабындағы қасиетті орындар» атты жинаққа Отырар алқабындағы қазақ тарихы үшін айырықша орны бар қасиетті орындар мен киелі жерлер, атақты тарихшылар мен ғұлама ғалымдар жайлы ғылыми зерттеу мақалалар еніп отыр.
  5. «Шежірелі Ақтөбе» жинағына Ақтөбе өңіріндегі қасиетті мекендер, ел есіндегі арыстар туралы құнды дүниелер сөз болған.
  6. «Басында Қазығұрттың кеме қалған» атты ғалым-зерттеуші Бақыт Тасполатовтың бұл кітабына Оңтүстік Қазақстанның киелі де қасиетті орындары жайлы зерттеу мақалалар еніп отыр.
  7. «Сыр ескерткіштері» атты кітапта Бақытжан Ахметбектің өңірдегі киелі орындары, осы өлкеден шыққан би-шешендер, батырлар, ақын –жыраулар, әулие-әнбиелер, тарихи ескерткіштер мен кесенелер жайлы ғылыми зерттеу мақалалары топтастырылған.
  8. «Үстірттегі көненің іздері» атты кітапта Маңғыстау өңірінің би шешендері, батырлары, ақын-жыраулары, шежірелі өңірдің көне тарихы, Пір Бекет ата бастаған әулиелер, көне ескерткіштер туралы ғалым Бибатпа Көшімованың ғылыми-зерттеу мақалалары орын алған.

       Туған жердің әрбір сайы мен қырқасы, тауы мен өзені тарихтан сыр шертеді. Әрбір жер атауының төркіні туралы талай аңыздар мен әңгімелер бар. Әрбір өлкенің халқына суықта пана, ыстықта сая болған, есімдері ел есінде сақталған біртуар перзенттері бар. Осының бәрін жас ұрпақ біліп өсуге тиіс.

      Кітаптар баспадан бес мың данамен шығып өлкеміздің барлық өңірлеріне жіберілген. Тарихты білмей, болашаққа бағдар жасау мүмкін емес. Ендеше, кітап оқиық.

А.ШУБАЕВА,

аудандық Мәдениет

 үйінің әдіскері.

Пікір қалдыру

Your email address will not be published.