A place where you need to follow for what happening in world cup

РФ элитасы Путиннің «көзін құртуға» кірісті – Барлау қызметі

2 234

Ресейдің саяси-бизнес элитасының арасында Путинге оппозиционер танымал тұлғалар оған қарсы күш біріктіріп жатыр. Путиннің «көзін құртып», орнына жаңа басшы әкелмек. Осылай дейді Украинаның Қорғаныс министрлігінің Барлау қызметі. Бұл жайлы Қорғаныс министрлігі Facebook-тегі парақшасында жазды.

Саяси элитаның Путинді тақтан тайдырғысы келуінің басты мақсаты – Батыс салған экономикалық санкцияларды жеңілдету, Батыс елдерімен қайта қарым-қатынас орнату.

«Ресей Федерациясының белгілі бір саяси элитасы Путиннің «көзін жойып», орнына ФСБ директоры (біздіңше, ҰҚК – ред.) Александр Бортниковті қоюды көздеп отыр. А.Бортников – жақында ғана Путиннің қудалауына тап болған адам еді», — деп түсіндіреді Украина Барлау қызметі.

Ал А.Бортников ФСБ-ның басшысы ретінде президентке соғыс бастар алдында Украина халқының көңіл-күйі мен Ресейге деген қарым-қатынасын, украина армиясының соғыс қабілетін дұрыс бағамдап, дұрыс мағлұмат беруі тиіс еді. Қате, астыртын мәлімет бергені үшін Бортников қудалауға тап болды.

«Қазір Бортников пен басқа да танымал тұлғалар Путинді биліктен алып тастаудың жолдарын іздестіріп жатыр. У беру, ауру жұқтыру, сырқат ету, басқа да «кездейсоқ көз жұму» жағдайларын қарастырып жатыр», — деп түсіндіреді Барлау қызметі.

Бүгін «Қадыр жасағы» атанып кеткен шешен сарбаздарының елге қайтып кеткені жайлы хабар тараған еді. Барлау қызметінің айтуынша, бұл ақпаратты да таратқан – осы топ өкілдері болуы мүмкін.

«Бұл ақпарат ресей тарабынан келді. Сол арқылы бұл топ Қадыровтың абыройын түсіргісі келгенге ұқсайды. Ресей билігіне келген жаңа басшы мен Украинаның арасы тез арада жақсаруы мүмкін», — делінген ақпаратта.

Пікір қалдыру

Your email address will not be published.