A place where you need to follow for what happening in world cup

«Республика күні!»

218

Қазақстан халқы 1990 жылы қазан айының 25-і күні қазақ КСР Жоғарғы кеңесінің шешімімен Қаз КСР-ның мемлекет егемендігі туралы декларация қабылданған, сол сәттен бастап егемен Қазақстан өзіндік көзқарасы бар жеке мемлекет ретінде табыла бастаған. Қабылданған декларация Қазақстанның болашақ тәуелсіздігінің ірге тасы саналмақ демеші, 25 қазан Қазақстан халқы «Республика- күні!» мерекесі тойлануда.
Осыған орай Жамбыл облысы бойынша ҚАЖД №67 мекемесінде арнайы контингент арасындағы тәрбие жұмысы жөніндегі бөлімшесінің қызметкерлері сотталғандармен ҚР ІІМ 13.08.2014 жылғы «Бас бостандығынан айыруға сотталғандармен тәрбие жұмысын жүргізу қағидасын бекіту туралы» № 508- бұйрығына сәйкес тәрбие жұмысын жүзеге асырады. Осы жұмыстардың бірі сотталғандардың адамгершілік тәрбиесін, моральдық-этикалық түсінікті, салауатты өмір салттарын арттыру және патриоттық сезімін ашу болып табылады.
Жамбыл облысы бойынша ҚАЖ департаментіне қарасты №67 мекемесінде АКАТЖжӘП бөлімшесінің қызметкерлері шаруашылық жасағына калдырылған және оқшауланған аймақта отырған сотталғандар арасында «Республика күні» мерекесіне орай, жоспарға сәйкес спорттық іс-шара өткізілді.
Осылайша, бекітілген жоспарға сәйкес таңғы тексеру іс-шарасынан сон, сотталғандар ҚP Мемлекеттік Әнұранын орындаудан бастады. Яғни сотталғандардың патриоттық сезімдерін нығайтуга бағытталған Қазақсатан Республикасының тарихы туралы өлеңдер мен құттықтаулар айтылды. Сонымен қатар спорттық іс-шарасы, яғни қол күрес, шахмат, шашки, турникке тартылу, волейбол ойындарынан командаға бөлініп өткізілді, жарыста белсенді қатысқан сотталғандар мен жарыста орын алған сотталғандар мекеме бастығының алғысымен және сыйлығымен марапатталды.

Мыркалиева Меруерт

Пікір қалдыру

Your email address will not be published.