A place where you need to follow for what happening in world cup

«Республика күні!»

281

Қазақстан халқы 1990 жылы қазан айының 25-і күні қазақ КСР Жоғарғы кеңесінің шешiмiмен Қаз КСР-ның мемлекет егемендігі туралы декларация қабылданған, сол сәттен бастап егемен Қазақстан өзiндiк көзқарасы бар жеке мемлекет ретінде табыла бастаған. Қабылданған декларация Қазақстанның болашақ тәуелсіздігінің ірге тасы саналмақ демекшi, 2022 жылдың 25 күні қазанынан бастап Қазақстан халқы «Республика күні!» мерекесі тойлануда.
Осыған орай Жамбыл облысы бойынша ҚАЖД. №67 мекемесінде арнайы контингент арасындағы тәрбие жұмысы жөніндегі бөлімшесінің қызметкерлері сотталғандармен ҚР ІІМ 13.08.2014 жылғы «Бас бостандығынан айыруга сотталғандармен тәрбие жұмысын жүргізу қағидасын бекіту туралы» №508-бұйрығына сәйкeс тәрбие жұмысын жүзеге асырады. Осы жұмыстардың бірі сотталғандардың адамгершілік тәрбиесін, моральдық-этикалық түсінікті, салауатты өмір салттарын арттыру болып табылады. Жамбыл облысы бойынша ҚАЖ департаментiне қарасты №67 мекемесіне АКАТЖжӘП бөлімшесінің қызметкерлері шаруашылық жасағына қалдырылған сотталғандар арасында «Республика күні» мерекесіне орай, жоспарға сәйкес спортық iс-шара өткізілді. Осылайша, бекiтiлген жоспарға сәйкес таңғы тексеру іс-шарасынан кейін сотталғандар ҚР Мемлекеттiк Әнұранын орындаудан бастады. Яғни сотталғандардың патриоттық сезiмдерiн нығайтуға бағытталған Қазақстан Республикасының тарихы туралы өлеңдер мен құттықтаулар айтылды. Сонымен қатар спорттық іс-шаралсы, атап айтқанда қол күрес, шахмат, шашки, турникке тартылу, волейбол ойындарынан командаға бөлiнiп жарыстар өткiзiлiп белсендi қатысқан сотталғандар мен жарыста орын алған
сотталғандар мекеме бастығының алғыс хатымен және бағалы сыйлығымен марапатталды. Осылайша Республика күнін № 67 мекемесінде аталып өтті.

Меруерт Мыркалиева,

арнайы контингент арасындағы тәрбие жұмысы жөнiндегi әлеуметтік-психологиялық бөлiмшесінің инспекторы, әдiлет аға лейтенанты

Пікір қалдыру

Your email address will not be published.