Алматыда қаңтардағы тәртіпсіздіктер кезінде қайтыс болған құрбандарды еске алуға арналған митингте ерекше арт перформанс жасалды деп хабарлады turkystan.kz.
Атап айтқанда, жердегі ақ қағаздардың үстіне 227 алма қойылды. Бұл – ресми деректер бойынша қайтыс болғандардың саны.
Алдымен алаңда имам дұға жасап, құрбандар рухына Құран бағыштады. Ал ақ қағаздарға 227 алма қойылған арт-перформансты Денис Стадничук жасаған.