Аудандық тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық, жолаушылар көлігі автомобиль жолдары бөлімі мамандары мен бірге аудандық полиция, ауыл әкімдігі қызметкерлері қоғамдық көліктерде бетперде тағу режимін жолаушылар қалай сақтайтынын тексеруге шықты. Рейдтік іс-шара аясында Мойынқұм-Қарабогет, Мойынқұм-Қылышбай елді мекендеріне қатынайтын және ауылішілік маршруттарды тексеру барысында, жолаушылар карантин режимін толықтай сақтаған.
Сондай-ақ, жолаушыларға, автобус жүргізушілеріне қоғамдық көлікте карантин режимін сақтау туралы ережелері түсіндіріліп, бетперде тағудан бас тартқан жағдайда Қазақстан республикасының заң талаптарына сәйкес, карантин режимін сақтамағаны үшін айыппұл қарастырылғаны ескертілді.
Sign in
Sign in
Recover your password.
A password will be e-mailed to you.
Алдыңғы жаңалық
Келесі жаңалық