A place where you need to follow for what happening in world cup

Рақымшылық туралы заң түсіндірілді

614

Өткен жылдың 20 қазанында ел Президенті  Қасым-Жомарт Тоқаевтың төрағалығымен өткен Ішкі істер министрлігінің кеңейтілген алқа мәжілісінде Қазақстан Тәуелсіздігіне 30 жыл толуына орай, заңға сәйкес азаматтардың және жалпы мемлекеттің қауіпсіздігіне үлкен қауіп төндірмейтін қылмыстары үшін жауапқа тартылғандарға рақымшылық жасалатындығын мәлімдеген еді.

Егеменді тойына орай ұйымдастырылған игі істі көпшілік жылы қабылдады. Ал биыл аталған ауқымды шараны жүзеге асыруға бағытталған жұмыстар басталып ат кетті. Олардың қатарында түзеу мекемелерінде жазасын өтеп жатқан азаматтарға рақымшылық шарттарын түсіндіру жұмыстары қызу жүруде.

Осындай жиындардың бірі Жамбыл облысы бойынша ҚАЖ департаментіне бағынысты ЖД-158/2 мекемесінде өтті. Басқосуда мекеме бастығы, әділет подполковнигі Ерлан Оразгелдиев, ҚАЖ департаменті мен облыстық прокуратура өкілдері сотталғандарға жуырда қабылданған «Рақымшылық туралы» Заң жайлы толық түсінік беріп, оның аясында кімнің бостандыққа шыға алатынын бүге-шігесіне дейін түсіндірді. Сонымен қатар, туындаған сұрақтарды тыңдап, толыққанды жауаптар берілді.

Пікір қалдыру

Your email address will not be published.