A place where you need to follow for what happening in world cup

Рақымшылық: 3 азамат жаза өтеуден босатылып, 17 адамның жаза мерзімі қысқартылды

338

Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев қаңтар оқиғасына қатысқандарға бір реттік рақымшылық жасау туралы шешім қабылдағаны белгілі. Бүгінде «Рақымшылық туралы» заңға сәйкес, заң бұзғандардың бірқатары еркіндікке жолдама алды.

Қазіргі таңда Тараз қалалық №1 пробация бөлімінде тұрған азаматтарға қатысты 40 материал сотқа жолданды. Нәтижесінде, 4 азамат босатылып, 36 адамның жаза мерзімін қысқартылуға жататыны белгілі болды. Бұдан бөлек, бүгінгі күнге дейін өткізілген 20 сот отырысының қорытындысына сай 3 азамат жаза өтеуден босатылса, 17 адамның жаза мерзімі қысқартылды.

Айта кетейік, бұған дейін құқық қорғау органдарының қызметкерлері тарапынан жазасын өтеушілер мен олардың туған-туыстарына түсіндірме жұмыстарын жүргізілген болатын. Онда қаңтар оқиғасына қатысқандардың барлығы бірдей рақымшылыққа ілікпейтіні жөнінде айтылды. Шынмәнінде, оқиғаға қатысты айыпты деп танылған сотталғандарға рақымшылық жасау туралы шешім сот тарапынан әр адам үшін жеке-жеке қабылданатын болады.

Пікір қалдыру

Your email address will not be published.