A place where you need to follow for what happening in world cup

Р. Дәулет: Қордай ауданының әлеуметтік-экономикалық жағдайы жақсарып келеді

179

Қордай ауданының әлеуметтік-эконокомикалық жағдайы жыл өткен сайын артып, халықтың әл-ауқаты жақсарып келеді. Өткен жылы Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Кемелұлы Тоқаевтың «Сындарлы қоғамдық диалог — Қазақстанның тұрақтылығы мен өркендеуінің негізі» атты Қазақстан халқына Жолдауы бізге ел экономикасын арттыруға, халықтың әл-ауқаты мен тұрмыс сапасын жақсартуға қатысты бірқатар жаңа міндеттерді жүктеді. Тисінше, Қордай ауданында Жолдаудың негізігі бағыттары мен мемлекеттік бағдарламалар аясында жыл басынан бері атқарылған жұмыстар аз емес.
Жалпы бүгінгі күнге ауданның әлеуметтік-экономикалық, агроөнеркәсіп, мал шаруашылығы, шағын және орта бизнес, құрылыс, білім, денсаулық сақтау, спорт және мәдениет сынды салаларды дамыту аясында қол жеткізген табыстары көңіл қуантарлық. Экономикамызды өсіруге, аудан бюджетін толықтыруға үлкен сеп болатын инвестиция тарту бойныша ауданда орасан зор жұмыстар атқарылуда. Ең бастысы ауыл-аймақта қаншама жылдар бойы көптің көңілін күпті еткен көптеген мәселелердің шешімі табылып жатқанына да тұрғындар куә.
Ағымдағы жылдың қаңтар-мамыр айларында Қордай ауданы бойынша әлеуметтік-экономикалық даму қорытындыларымен нақты көрсеткіштерге қол жеткізілді. Атап айтар болсақ, аталған есепті кезеңде аудандағы экономикалық көрсеткіштер төмендегідей көрсеткіштерді құрады.
Өнеркәсіп өнімі 101,2 пайызды (7,1 млрд. тг) құраса, ауыл шаруашылығы өнім көлемі 107,5 пайызға ( 8,3 млрд. тг) жетті. Құрылыс көлемі 102 пайыз (1,8 млрд. тг), Тұрғын үй құрылысы 116,8 пайыз (16,2 мың шаршы метр), инвестиция 149,1 пайыз (6,0 млрд. тг), көтерме сауда 116,4 пайызға (6,6 млрд.тг) құрап отыр.
Ауданның өнеркәсіп саласының дамуы мен өнім көлемінің артуына «ВетроИнвест», «Виста Интернейшнал», «Риха», «МВТ» жауапкершілігі шектеулі серіктестіктері сынды ірі кәсіпорындар өздерінің үлестерін айтарлықтай қосып келеді.
Осындай жетекші кәсіпорындары бар аудан кәсіпорындарымен тиісті мерзім ішінде өнеркәсіптің өсу қарқыны артып, 5 айда 101, 2 пайызды құрады. 2020 жылдың қорытындысымен өндіріс көлемі 767 млн. теңгеге артады деп күтілуде.
Тау-кен (НКИ -101,8 пайыз), өңдеу өнеркәсібінде (101,1 пайыз), электрмен қамтамасыз ету (109,4 пайыз), сумен қамтамасыз ету (85,4 пайыз) өндіріс көлемінің өсуі есебінен қол жеткізілді.
Жергілікті қамтуды абаттандыруға бағытталған «Қарапайым заттар экономикасы» аясында жалпы құны 66,4 миллион теңгеге 4 жоба мақұлданды. Жалпы құны 240, 0 млн.теңгеге 2 жоба қаралуда және 835,0 млн. теңгенің 5 жобаға құжаттар жинақталуда.
Есепті кезеңде аудандағы 35 ШОБ субъектілеріне 151,3 млн. теңгеге шағын несие берілді. ШОБ бойынша 12765 адам жұмыспен қамтылған. Өнім мен қызмет көлемі биыл 7,1 млн. теңгені құрап, 6,3 пайызға артты.
Жыл басынан «Бизнестің жол картасы» аясында субсидиялау тетігі бойынша жалпы 59,3 млн. теңгеге 3 жоба және кепілдендіру тетігімен 135,0 млн. тенгеге 4 жоба мақұлданды.
Бизнес субъектілері бастамаларын іске асыру үшін 30 адамға 15,9 млн. теңгеге қайтарымсыз мемлекеттік грант (200 АЕК-552,2 мың теңгеден) алынды.
Елдің экономикалық өсуін анықтайтын басты фактор — жоғары инвестициялық белсенділік. Қаңтар-мамыр айларының қорытындысы бойынша негізгі капиталға инвестиция көлемі 602,5 млн. теңге. (149,1 пайыз), оның ішінде: бюджет есебінен – 1649,6 млн.тг өзіндік қаражат есебінен – 4371, 9 млн. тг.Кәсіпкерлікті қолдау картасы аясында 2025 жылға дейін 48,7 млрд.теңгені құрайтын 3 инвестициялық жобаны іске асыру жоспарлануда («Монтерро Казахстан» ЖШС — 45,0 млрд. тг, «Віо VET» ЖШС -2,0 млрд. тг, «Алатау Корда й» ЖШС – 1,7 млрд. тг).
2020 жылы ірі жобалар: «Азия сад» ЖШС (886 млн.теңге) үдемелі бақ, «Абдирманов» ЖК қойма құрылысы (118,9 млн.теңге), «Жаңатұрмыс бірлік» АШК (59,9 млн. теңге, техника сатып алу) Бүгінде ауылшаруашылық саласы – Қордай ауданының экономикасын алға сүйреуші салалардың біріне айналды. Бұл салаға жыл сайын мемлекеттік бағдарламалар аясында қомақты қаржы бөлініп, ауыл экономикасы мен тұрғындардың әлеуметтік тұрмысы айтарлықтай даму үстінде.
Ауданда Қазақстан Республикасының агроөнеркәсіптік кешенін дамытудың 2017-2021 жылдарға арналған мемлекеттік бағдарламасын іске асыру мақсатында атқарылған жұмыстардың нәтижесінде 2020 жылдың 1 маусымына ауыл шаруашылығы өнімінің жалпы көлемі болжамды – 8310,1 млн. теңгені құрайды немесе нақты индекс көлемі 107,5%. Сонымен қатар, Үдемелді бақ 63 гектарға ұлғайып, аумағы 131 гектарға жетті. Сондай-ақ, 1,7 мың гектарға жер мемлекет меншігіне қайтарылды. Бұдан бөлек өткен жылы аудан аумағында 7 кооператив құрылып, жалпы саны 18-ге жетті.
Бүгінгі таңда өнеркәсіп саласында жұмыс атқарып жүрген кәсіпорындардың тағы бір жетістігі өндірген өнімдерін шет елдерге экспортқа шығаруында. Атап айтсақ, ағымдағы жылдың 5 айында аудан бойынша 32 тонна қой еті және 12,5 тонна сиыр еті экспортталды.
«Еңбек» бағдарламасымен 1746 адам қамтылып, 2558 адам жұмысқа орналастырылды. Есепті кезеңге ауданда 1958 жаңа жұмыс орны ашылса, оның 1429 тұрақты (73 пайыз). Орташа айлық жалақысы 137 мың теңгеден 146 мыңға артты.824 отбасы атаулы әлеуметтік көмекке қол жеткізді. Аудан тұрғындарының тұрмыс жағдайын жақсарту мақсатында 150 адамға 575,2 млн.теңгенің несиесі бөлінді.Ал, жұмыссыздық деңгейі 4,4 пайызды құрады.
Қордай ауданында жыл сайын білім саласын қаржыландыру жағы көбейтіліп, балалардың жақсы білім алуына жан-жақты жағдай жасау жолында ауқымды жұмыстар атқарылуда. Жалпы ауданда 3-6 жас аралығындағы балаларды мектепке дейінгі мекемелермен қамту үлесі 100 пайызға жетті. Қазіргі таңда 3 мектептің құрылысы жүргізілуде. Атап айтсақ, Масаншыда 600 орындық, Күнбатыс-2 ауылында 150 орындық, Қалғұты 180 орындық. Соның нәтижесінде Қалғұтыдағы 1 апатты мектептің мәселесі шешілшмек. 2020 жылы апатты мектер мәселесі толық шешімін таппақ.
Еліміздің ең асыл қазынасы — адам мен дені сау ұлт. Сондықтан да мемлекет саясатының басым бағыттарының бірі — денсаулық сақтау саласы. Соңғы жылдары ауданымызда әлеуметтік нысандар көптеп ашылып, халық қуанышқа бөленуде. Бастапқы медициналық нысандармен қамтылмаған 41 елді мекенде 2 жылда 10 нысан салынып, мәселе 100 пайызға шешімін тапты. (2020 жылы – 2 нысан). Халықтың 95 пайызының электрондық денсаулық паспорттары жасалынған.
Ауданда соңғы жылдары спорт саласында айтарлықтай жұмыстар атқарылып, спорт нысандарның қатары көбейіп келеді.Қазіргі таңда ауданда 311 спорт нысаны бар десек, жыл соңына дейін 7 нысан пайдалануға беріледі деп күтілуде. Спортпен шұғылданатын халық саны 30,8 пайызды (45,5 мың) құрайды.
«Рухани жаңғыру» және «Ұлы даланың жеті қыры» бағдарламалары аясында 1 жоба іске асырылуда. Ол – Қордай ауылындағы күрес залы. Сондай-ақ, бұл орайда 54 іс шара өткізіліп, онда 17500 адам қамтылды.

Пікір қалдыру

Your email address will not be published.