4 маусым – Қазақстан Республикасының мемлекеттік рәміздері күніне орай , мемлекеттік мерекемізді қастерлеп, атап өту мақсатында Шу ауданы Төле би орталық алаңында «Менің туым» атты ат шеруі өтті. Мемлекеттік туымызды көкке көтеріп, екі қатарда сап түзеген аттар шеруі, аудан тұрғындарына әсерлі көңіл күй сыйлады.