A place where you need to follow for what happening in world cup

«Президентті қорлауға мүмкіндік бермедім»: Ауғанстанның бұрынғы президенті елден қашуының себебін айтты

89

Ауғанстанның бұрынғы президенті Ашраф Ғани бір жыл бұрын неліктен елден қашып кеткенін түсіндіріп берді. Сөзінше, ол «Талибан» қозғалысына ел президентін қорлауға мүмкіндік бергісі келмеген, деп хабарлайды Stan.kz South China Morning Post басылымына сілтеме жасап. 

Сөзінше, бастапқыда ол Ауғанстаннан кетуді жоспарламаған.

«Мен тәліптерге Ауғанстан президентін тағы да қорлауға мүмкіндік бермеу үшін кеттім», – деді ол.

Ғани өзімен бірге ондаған миллион долларды алып кеткені туралы ақпаратты жоққа шығарды. Конгресстің бақылаушы органының мәліметінде Ғани мен оның жоғарғы кеңесшілері тікұшақпен қолма-қол ақшаны тасымалдағаны екіталай екені айтылған.

«Олардың асығыс ұшып кетуі, жүкке емес, жолаушыға баса назар аударуы, тікұшақтардың жүк көтере алуы мен эксплуатациялық сипаты, куәгерлердің сөзіндегі мәліметер бойынша тікұшақта 500 000 доллардан артық қолма-қол ақша болмаған», – деп жазды Ауғанстанды қалпына келтіру бойынша арнайы бас инспектордың кеңсесі.

Айта кетейік, 2021 жылдың 15 тамызында тәліптер Кабулге басып кіріп, елдегі билікті қолдарына алғанын мәлімдеді. Кейін үкіметтің бір бөлігі мен президент Ашраф Ғани елден кеткенін мәлімдеді.

Пікір қалдыру

Your email address will not be published.