A place where you need to follow for what happening in world cup

Праймериз ашық, әділ әрі таза бәсекелестікті қалыптастырады

210

Құрметті Тараз қаласының тұрғындары!

Күні кеше ғана Қазақстан Республикасының Тұңғыш Президенті – Елбасы Н.Ә.Назарбаев праймериздің басталуына байланысты үндеу жариялады.
Әлемді жайлаған пандемия біздің елге де ауыртпалығын түсірді. Көптеген азаматтарымыздан да айырылып қалдық. Қала тұрғындарының қиындықтарға тап болғандары да баршамызға мәлім. Алайда, «Nur Otan» партиясының белсенді мүшелері, «Жас Отан» Жастар қанатының белсенділері, қалалық мәслихаттағы депутаттық фракция мүшелері халықтың ортасында болып, өз көмектерін көрсетті.
Бұл індеттің зардабын кәсіпкерлік нысандарымен қатар басқа да қызмет көрсету салалары көрді.
Мұндай жағдайға Мемлекет Басшысы да, еліміздің Үкіметі де, жергілікті атқарушы органдарда тиісті шешімдерін шығарып, дағдарысқа қарсы жұмыс жүргізуді қолға алуда.
Бұл өз кезегінде қаламыздың тұрғындарының денсаулығы мен әл-ауқатын көтеруге қатысты болып отыр.
Бұл ретте, денсаулық саласының қызметкерлері мен ерікті жастарға алғысымыз шексіз. Қиындыққа тап болған әр жанның қасынан табыла білген осы азаматтардың ерлігі ерекше.
Уақыт бір орында тұрмайды. Сондықтан елімізде даму жолы мен дағдарысқа қарсы тұру мәселелерін шешуге қол жеткізу аса қажет. Осы тұста 17 тамыздан елімізде партияішілік іріктеу – праймериз басталды.
Бұл праймериз ашық әрі әділ қағидатын ұстана отырып, таза бәсекелестікті қалыптастыратынына сенімдімін.
Қаламызда праймеризді өткізуге дайындық жұмыстары пысықталып, ұйымдастыру комитеті өз жұмысын бастады. Қаладағы 12 мыңға жуық партия мүшесі праймеризге қатысушыларға 26 орын-жайда дауыс береді.
Сонымен қатар, арнайы 5 орында жария пікірсайыстар өткізіледі.
Қазіргі таңда, праймеризге қатысушылар саны күннен күнге артып келеді. Праймеризге жаңашыл, бастамашыл, жауапкершілігі жоғары азаматтарды қатысуға шақырамын!

Айтқазы Қарабалаев, «Nur Otan» партиясы Тараз қалалық филиалының төрағасы, қала әкімі

Пікір қалдыру

Your email address will not be published.