A place where you need to follow for what happening in world cup

Партия белсенділері марапатталды

115

Өткен аптада  Nur Otan партиясы аудандық  филиалында жақында  ғана өткен партияішілік сайлауды насихаттап, ұйымшылдықпен өткізуге белсене атсалысқан партия белсенділерін марапаттау шарасы өткізілді.

Партияның аудандық филиалы төрағасының бірінші орынбасары Мұратхан Естаев партия жұмысында жаңадан енгізілген қанатқақты шараның талап деңгейінде ұйымдастырылғанын атап өтті. Сондай-ақ партия қызметін жаңғыру мен жаңғыртуға бағытталған еліміздің қоғамдық саяси даму тарихында тұңғыш рет ұйымдастырылған ішкіпартиялық праймеризді өткізуге қолдау көрсетіп, саяси шараның табысты өтуіне белсенді атсалысқан бірқатар партия белсенділеріне Жамбыл облыстық партия филиалының Алғыс хатын табыс етті.

Жалпы, мемлекетімізде әлеуметтік-экономикалық жаңғырулармен қатар, еліміздің саяси өмірінде де оң өзгерістер бой көрсетіп, жаңа технологиялар мен тәсілдер айналымға енуде. Солардың бірі, батыс елдерінің сайлау тәжірбиесінде жүйелі түрде қолданылып келе жатқан партиялық праймериз ұғымы.

Праймериз – АҚШ саясаткерлерінен бастау алған, партия белсенділерін ашық таңдау тәсілі. Қазақ тіліндегі мағынасы – іріктеу деген ұғымды білдіреді. Кейде «алдын-ала сайлау» немесе «алдын-ала дауыс беру» деп те атайды. Яғни, жақтастарының арасында алдын-ала партияішілік сайлау өткізу арқылы, партия атынан басты аламанға түсетін көшбасшыларды іріктеп алу дегенге саяды. Бұл, бір жағынан партияның өз ішіндегі мықтыларын іріктеуге мүмкіндік берсе, екінші жағынан партиямен ниеттес, өзекті мәселелерді сөйлейтін үзеңгілес азаматтарды партия қатарына тартудың бірден-бір құралы.

Праймериз туралы Елбасы, Nur Otan партиясының төрағасы Н.Назарбаев үстіміздегі жылы наурыз айында өткен партияның Саяси кеңесі бюросының отырысында «Бұл партия атынан мәселелерді шешетін ең белсенді және сенімді мүшелерді анықтауға мүмкіндік беретін дұрыс шешім деп санаймын» деген болатын.

Осылайша халықаралық тәжірбиеде мойындалған партияішілік іріктеу тәсілін елімізде алғашқылардың бірі болып Nur Otan партиясы қолданысқа енгізуде.

 

Ж.СЕЙІЛХАНҰЛЫ.

Суретті түсірген А.Әлтай.

Пікір қалдыру

Your email address will not be published.