A place where you need to follow for what happening in world cup

Пандемия кезеңінде Сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызмет шетелдік гуманитарлық көмектің бөлінуіне және дәрі-дәрмектерге шекті бағалардың сақталуына бақылау қатаң бақылау жүргізілді

212

Коронавирус пандемиясы кезінде қоғам белсенділерінің қолдауымен Сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызметтің Жамбыл облысы бойынша Департаменті қызметкерлері дәріханаларға, медициналық қоймаларға, медициналық препараттар мен бұйымдарды алып-сатуға азаматтық бақылау шаралары қамтылып, гуманитарлық көмектердің медициналық ұйымдарға жеткізілуіне сүйемелдеу жұмыстары жүргізілді. Мұнда айта кететін жайт, сол кезде азаматтық ұстанымын танытқан белсенділерге үлкен алғысымды білдіремін.
Департамент, тиісті уәкілетті орган және қоғам өкілдерімен бірлесіп 167 дәріхана және 32 дәрілік қоймалар мен аурухана қызметі зерделеді. Нәтижесінде бағалардың жоғарлауы, дәрілік заттарды заңсыз сату бойынша 49 фактісі анықталып, 30 әкімшілік хаттама толтырылды. Мониторинг барысынша кейбір пайда көзін табуға қызыққан азаматтарымыз базарға немесе тапшылыққа ие дәрілік заттарды қолдан сату деректері орын алған.
Ал, тұрғындарға қолайлы жағдай жасау мақсатында дәрі-дермектердің шекті бағасы көрсетілген QR-code енгізілген арнайы жадынамалар 240 – тан аса дәріханаларға ілінді. Демек, дәріхана келген азаматтар дәріні сатып алу барысында оның бағасына күмәні болса, оның шекті бағасын QR-code арқылы тексеруге мүмкіндік жасап отырмыз.
Сонымен қатар, жобалық кеңсе менеджерлері, Арнайы мониторингтік топ мүшелері және Департамент қызметкерлерімен бірге шет мемлекеттен келген гуманитарлық көмектердің медициналық мекемелерге жетуіне сүйемелдеу жұмыстарын жүргізуде. Оның ішінде, облысқа Катар, Қытай, Өзбекстан, Ресей Федерациясы, Онтүстік Корея, АҚШ, Индия, Украйна, Япония, Пакистан, Грузия, Израил, Германия, Туркия мемлекетінен, Дүниежүзілік денсаулық сақтау ұйымы, «КазАтомПром» және Агенттік жолдаған гуманитарлық көмектер қоймаларға ұсынылған тізімге сәйкес толықтай қабылданды.
Сонымен қатар, Департамент өкілдері облысымыз коронавирустық инфекцияның екінші толықынына дайындық жағдайы зерделеніп, тіпті шалғай аудандардың да ауруханаларына шығу жұмыстарын ұйымдастырылды.
Мысалы айтсақ, бізбен облысымыздағы медициналық ұйымдарда қажетті екі айлық дәрі-дармек қорының болуына, «СК-Фармация» біріңғай дистрибьютерімен дәрі-дәрмек уақытылы және қажетті көлемде жеткізілуіне, «СК-Фармация» қоймасында короновирустық ауруды емдеуге арналған дәрілік заттардың болуына мониторинг жұмыстары жүргізілді.
Монторинг қорытындысы бойынша Шу, Мойынқұм, Т. Рысқұлов аудандары індеттің екінші толқынына дайындығы тиісті деңгейде емес екендігін көрсетті. Дәлірек айтқанда аталған аудандарда қажетті дәрі-дәрмек қоры жоқ болып шықты. Сонымен қатар, індетке қарсы карантиндік бекеттерге ұйымдастыру барысында да көптеген кемшіліктер анықталып,ол бойынша да ұсыныстар жолданып тиісті ұйымдастыру шара қабылданды.

Ә.Х.Әшірбаев
Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің Жамбыл облысы бойынша Департамент басшысы

Пікір қалдыру

Your email address will not be published.