A place where you need to follow for what happening in world cup

Пәндік және кәсіби құзыреттілікті дамыту курсы

1 833

Дамыған жаһандану заманында ұлттық бәсекеге қабілетті болудың көрсеткіші білім деңгейімен өлшенеді. Сондықтан, әлемдік білім кеңістігіне кірігіп, білім беру жүйесін халықаралық биікке көтеру кезек күттірмейтін мәселе. Бұл мәселені шешудің кілті — ұстаздардың қолында. Десек те ұстаздар да заман көшінен қалып қоймау мақсатында білімдерін жетілдіріп отырады.
Осы орайда Жамбыл ауданындағы тарих және құқық негіздері пәндерінің мұғалімдері кәсіби шеберлігі мен біліктілігін арттыру мақсатында 2024 жылдың 13 мамыр мен 24 мамыр аралығында Аса ауылы Ю.Гагарин мектебінің базасында «Өрлеу» БАҰО АҚ филиалы Жамбыл облысы бойынша Кәсіби даму институтының ұйымдастыруымен «Тарих және құқық негіздері пәнін оқытудың инновациялық әдістері» тақырыбындағы курс Есмырзаева Аманкуль Орынбаевнаның жетекшілігімен өтуде.
Курс бағдарламасы аясында: педагогтер нормативтік құқықтық актілерде бекітілген орта білім беру жүйесіндегі мемлекеттік саясаттың негізгі бағыттары мен қағидаларын қарастырды.
Сонымен қатар тыңдаушылар цифрлық ресурстар тарих және құқық негіздері сабақтарында білім алушылардың функционалдық сауаттылығын дамыту бойынша тапсырмалар әзірлеп, өзара тәжірибе алмасып, шеберліктерін шыңдай түсуде.
Курста педагогтер креативті, шығармашыл, сыни тұрғыда ойлау дағдыларын дамыту барсында «Tarsia», «FILA» стратегиясы, «Кейс-талдау», т.б. әдістерді сабақта қолдану өте тиімді екендігіне көз жеткізді.
Курстың қорытындысы бойынша мұғалімдердің біліктілігін арттыру үшін оқытудың тиімділігіне талдау және олардың алған білімдеріне қорытынды бағалау жүргізіледі. Мұғалімдердің сабаққа қатысуы және олардың сабақтағы белсенділігі, мысалы, сыныптағы/топтағы басқа қатысушылармен өзара әрекеттесу, жауап беру және жаңа идеялар мен шешімдерді ұсыну сияқты критерийлер бойынша бағаланады. Курс соңында мұғалімдер қорытынды тест тапсырады.

«Тарих және құқық негіздері
пәнін оқытудың инновациялық әдістері»
курсының тыңдаушылары

Пікір қалдыру

Your email address will not be published.