A place where you need to follow for what happening in world cup

«Опасыз, көргенсіз»: Жанар Айжанова бұрынғы күйеу баласы мен құдағиын айыптады

79

Жанар Айжанова жалғыз қызы Айжұлдыз бен бұрынғы күйеу баласының ажырасуына қатысты алғаш рет пікір білдірді. Қазіргі таңда немересін бағып отырған Айжанова «баланы әкесінен айырмаңызшы» деп өтініш айтқан оқырмандарына ашуланды. Айтуынша, бала мен әке арасының алшақтауына ол да, қызы Айжұлдыз да кінәлі емес. Айжанова бұрынғы күйеу баласы мен құдағиын айыптады, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі.

Желі оқырмандарының бірі Айжановаға: «Айжұлдызды жалғыз өсірдіңіз, қиыншылықты көрдіңіз. Алла сізге қуат берсін. Сылдырмақты (немереңізді) әкесінен айырмаңызшы», — деп жазды. Бұл сөз әншінің шамына тисе керек, ол былай деп жауап берді:

«Ешкім де айырған жоқ. Оны маған емес соның шешесіне айт. «Ішіңдегі бәле өлсін, тусаң өзің үшін ту, маған пох*й» деп есіктің алдына әкеліп, қызымды лақтырып кеткен безбүйрекке айт. ЗАГС-ке тұрмаймыз, туған баланы тек асырап алып отырамыз» деген көргенсізге айт. Айжұлдыз қарны қампиып, тоғыз айында соқырішек болып операция жасап жатқанда ат ізін салмаған, өз ұрпағына өлім тілеп, керек емес деген солардың опасыз отбасына айт.

Маған несіне сумаңдап отырсың? Алланың берген нығметі деп, бергенін қағып алып бағып отырмын. Ұл-қызың болса, алдын-ала ақыл айтып, асықпа. Алдыңда не күтіп тұрғанын қайдан білесің, айналайын? Бізде жазық жоқ, бүлдірген солар. Енді дайын балаға келіп, жырпылдағандары маған бес тиын. Менің балам, маған бұл балдырғанды Алла берді», — деді Айжанова.

Айта кетейік, Айжұлдыз Адайбекова мен Қыран Талапбек 2020 жылы отау құрып, көп ұзамай ажырасып кеткен еді. Арада бір жыл өткен соң, екі жас кездесіп, достасты. Ал 1 жас тойын жасаған кезде Айжұлдыздың ұлына өз тегін бергені белгілі болды.

Пікір қалдыру

Your email address will not be published.