A place where you need to follow for what happening in world cup

Онлайнға өту оңтайлануда

206

Президент Қ.К. Тоқаевтың бірқатар мемлекеттік қызметтер онлайн форматта оңай алуға болатындай қылып әзірлеу бойынша нақты тапсырма берілген болатын. Онлайн қызмет алудың басты платформасы ол Электрондық үкімет порталы және  eGov mobail қосымшасы. Елімізде пандемия басталған уақытта көп мемекеттік қызмет  түрлері онлайн форматта өтетіні бойыша халық жақсы ақпарат алды. Бүгінде порталды және қосымшасыны күнделікті жетілдіріп дамытып келеді. Сонымен қатар мемлекеттік қызметтерді онлайн форматта көрсету мүмкіндігін екінші деңгейлі банктер өз қосымшалары арқылы жүзеге асатындай қылып әзірледі. Алғашқылардың бірі болып Halyk Homebank пен Kaspi.kz банктері мемлекеттік қызметтерді жүзеге асыруға кірісіп кетті. Нақтырақ айтқанда цифрлы құжаттар және бала босанғанда бір реттік төленетін жәрдемақы деген сияқты мемлекеттік қызметтер қол жетімді. Және әр қызмет бойынша нақты нұсқаулық негізінде барлық жұмысты үйден шықпай ақ жасауға болады.Енді сіз үйде отырып туу туралы куәлікке және Halyk Bank пен Kaspi.kz танымал банктік қосымшалар арқылы жаңа туған нәрестеге жәрдемақы алуға өтініш бере аласыз.

Тараз қалалық халыққа қызмет көрсету бөлімдерінде онлайн халықтың цифрлық сауаттылығын арттыру мақсатында халық көп шоғырланатын жерлерге және мемлекеттік мекемелерге оқыту жұмыстарын жүргізіліп келеді. Ол бойынша да біраз азамттар керекті қосымшаларды қалай қолдануға болатыны туралы мәлімет алып, қолдану тәртібін үйренуде. Онлайн болу оңай, барлығы қол жетімді.

Е. Жапаров,

Халыққа қызмет көрсету бойынша Тараз қалалық №2 бөлім басшысы

Пікір қалдыру

Your email address will not be published.