A place where you need to follow for what happening in world cup

Ойыннан от шығады…

Орынсыз әзілдеген аудан әкімінің орынбасары қызметінен кетті

238

Меркі ауданы әкімінің орынбасары М. Сүлейменовтің ісі Жамбыл облыстық Әдеп жөніндегі Кеңес отырысында қаралды. Ол жергілікті кәсіпкерлердің бірімен телефон арқылы сөйлесіп, аудан әкімі лауазымын сатып алмақ болған.
М. Сүлейменовтің өзінің айтуынша, бұл жай ғана достар арасындағы әңгімеде орын алған әзіл болған.
Әдеп жөніндегі Кеңес шенеуніктің лауазымын төмендетуді ұсынды.
Облыс әкімі Асқар Мырзахметовтің тапсырмасы бойынша сыбайлас жемқорлық құқық бұзушылықтардың алдын алу мақсатында М. Сүлейменов атқарып отырған қызметінен босатылды.

Жамбыл облысы әкімінің баспасөз қызметі

Пікір қалдыру

Your email address will not be published.