Жамбыл облысы бойынша ҚАЖ департаментіне бағынысты №25 мекемесінде ағымдағы жыл қараша айының 8- жұлдызында сағат 16-00де мекеме бастығының бұйрығымен «КАМАЛ» оқу-тактикалық жаттығуы өтті. Жаттығу ға барлық жеке құрам қатысып, өз дайындығын көрсетті. Жаттығулардың ең басты мақсаты -шынайы жағдай орын алғанда яғни тосыннан келген қауіп-қатерге төтеп беру. Мекеме бастығы әділет подполковнигі Е. Оразгелдиев дайындыққа қанағаттандырарлық деген баға берді.