A place where you need to follow for what happening in world cup

«Nur Otan» партиясы облыстық штабының ашылу салтанаты өтті

375

Мәжіліс пен мәслихат депутаттарын  сайлау  алдындағы үгіт-насихат жұмыстары басталуына орай «Nur Otan» партиясы Жамбыл облыстық филиалының сайлауалды қоғамдық штабының ашылу салтанаты өткізілді.

Облыстық филиалдың мәжіліс залында өткен басқосуда Жамбыл облыстық филиалының сайлауалды қоғамдық штабының жетекшісі Бағлан Қарашолақов  «Nur Otan» партиясының сайлауалды бағдарламасының негізгі басымдықтарына тоқталды.

– Кеше кешкілік еліміз бойынша  Мәжіліс пен мәслихат депутаттарын  сайлау  алдындағы үгіт-насихат жұмыстары басталды. Бұл сайлау тәуелсіз Қазақстанның тарихында алғаш рет партиялық тізіммен өткелі тұр. Біз бұған дейін партияішілік іріктеу өткізіп, үміткерлер мен негізгі бағыттарымызды айқындап алдық. Өздеріңіз көріп отырғандай қазір әлеуметтік желілерде сайлауға қатысты түрлі пікірлер айтылуда. Біз осы теріс түсініктерді бұзып, партия атынан түсіп отырған үміткерлер жан-жақты түсіндірме жұмыстарын жүргізуі керек.

Партия тізіміне енген кандидаттар бұқарамен кездесулерде ұзынсонар баяндама жасамай, халықтың өтініш-тілегіне, мұң-мұқтаждығына құлақ түріп, кері байланысты жолға қоюға міндетті. Сондай-ақ  «Nur Otan» партиясы Төрағасының бірінші орынбасары Бауыржан Байбек атап өткендей әр үміткер өз саласы бойынша тұрғындармен кездесіп, сайлауалды бағдарламасын  таныстырғаны  жөн.

Еліміз бұған дейін де талай сайлауларды өткізіп, қиындықтарды бірлсе жеңді. Бұл жолы да бір жағадан бас, бір жеңнен қол шығарып, ынтымағымыз бен бірлігімізді көрсетеміз деп сенемін.

Барлықтарыңызды сайлау науқанының ашылуымен құттықтаймын, – деді Бағлан Жиенәліұлы.

Бұдан кейін сөз алған  «Nur Otan» партиясы облыстық филиалы төрағасының бірінші орынбасары Балабек Нарбаев үміткерлердің тізімі мен үгіт-насихат жұмыстарына дайындық барысын баяндады.

– Біз бұл күнге 1 жыл 4 ай дайындалдық. Олай дейтінім праймеризде бәрін көзбен көріп, кемшіл тұстарымыздан сабақ шығардық. Праймеризге 767 адам құжат тапсырған болса, соның 391-і партия тізіміне енді. Алайда 2 азамат өз еркімен тізімнен шығарылды. Нәтижесінле 389 үміткермен сайлау науқанына келіп отырмыз.

Облыс көлемінде 12 сайлауалды қоғамдық штабы құрылып, үгіт-насихат жұмыстарына қажетті есепшоттар ашылды. Кандидаттардың бұқарамен кездесуі сұрақ-жауап түрінде өтеді деп күтілуде.

Партияның сайлауалды бағдарламасына праймериз кезіндегі тұрғындардың өтініш-тілектері енгізіліп, нақты көтерілетін мәселелер белгіленді. Алдағы уақытта үгіт-насихат жұмыстарын үш бағытта жүргізсек деп отырмыз. Бірінші  «Nur Otan» партиясына мүше болмаса да, жақтас азаматтармен тілдесу. Екіншісі  партия мүшелерімен жұмыс жүргізу. Үшіншісі – партия жұмысына қосылмайтындарға  жетекші партияның жұмысын тереңірек түсіндіру.

Жалпы 389 үміткердің де құқығы бірдей. Праймеризде олар қанша дауыс жинағандарына қарамастан барлығының жұмысы апта сайын бағаланып отыратын  болады. Сол көрсеткішке сүйеніп, мәслихат депутаттығына ұсынатын боламыз.

Партия жұмысына облыс бойынша 701 белсенді қолдау білдіруге ниет  білдірді. Аталған еріктілердің күшімен көрнекі ақпарат құралдарын іліп, жаднамалар таратылуда. Мұндай саяси науқан кезінде жастарға артылар сенім мол. Бұйыртса партиямыздың ұстанған ұстанымы бойынша «Қиындықтарды еңсеріп, жеңіске бірге жетеміз!» деп сенемін, -деді Балабек Жанбекұлы.

«Nur Otan» партиясы Жамбыл облысының Сайлау қорының қаражатынан төленді

Пікір қалдыру

Your email address will not be published.