Жуырда Тараз қаласындағы ЖД-158/1 мекемесіндегі бас бостандығынан айырылған азаматтар дін өкілдерімен кездесті. Басқосу барысында облыс орталығындағы «Кеңесхан қажы» мешітінің наиб имамы Қайырғали Халметов сотталғандардың теріс пиғылды ағымдардың жетегінде кетпеуі үшін дәстүрлі діннің маңызына кеңінен тоқталды. Сонымен қатар, кездесуге қатысушылар наиб имамға көкейде жүрген сауалдарын жолдап, мазмұны мол мағұлматтар алды.
Кездесу соңында Қайырғали Бақтиярұлы қатысушыларға ризашылығын білдіріп, дін тұрғысында сауатты болу үшін Қазақстан мұсылмандары діни басқармасы бекіткен дін кітаптарын ғана оқуға кеңес берді.
Құндыз Ахашева,
ЖД-158/1 мекемесінің психологы