A place where you need to follow for what happening in world cup

Нұр-Сұлтанда ер адам 10-қабаттан құлап бара жатқан бүлдіршінді қағып алған

127

Нұр-Сұлтанда 31 шілдеде 10-қабаттан құлап бара жатқан бүлдіршінді көршісі құтқарып қалды.

«Биыл 31 шілдеде сағат 20:50-де құтқару қызметіне жедел жәрдемнен қоңырау түсті. Онда Қабанбай батыр даңғылы, 42 мекенжайында орналасқан үйдің 10-қабатынан бала құлағаны айтылған. Биіктен құлаған бала 2017 жылы туған. Оны сол үйде тұратын 1988 жылғы азамат жолай өтіп бара жатып кездейсоқ көріп, дереу баланы қағып алуға тырысқан. Ол осылайша баланы жерге қатты соғылудан сақтап қалды. Дегенмен бүлдіршін қазір №2 аурухананың жансақтау бөлімінде ауыр халде жатыр», – деді ТЖД баспасөз қызметі.

Департамент өкілдері баланы құтқарып қалған Талғат Әбдіханұлын марапаттауды жөн көріп, оған хабарласқан. Алайда баланың жағдайы ауыр болғандықтан, ер адам марапаттан бас тартыпты.

aikyn.kz

Пікір қалдыру

Your email address will not be published.