A place where you need to follow for what happening in world cup

Нұр-Сұлтанда 10-қабаттан бала құлады: оқиғаның мән-жайы айтылды

71

10-қабаттың терезесінен құлап кеткен қыз үйде әжесімен болған. Нұр-Сұлтан қаласының Полиция департаменті оқиғаның мән-жайын айтты, — деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

Тәртіп сақшыларының айтуынша, 31 шілдеде Есіл аудандық полиция бөлімінің кезекші бөліміне Қабанбай батыр даңғылындағы тұрғын үйдің 10-қабатынан кәмелетке толмаған бала құлап кеткені туралы хабарлама түскен.

«Оқиға орнына жедел-тергеу тобы жеткеннен кейін 4 жасар қыз сағат 16.30 шамасында бөлмесінде жалғыз қалып, сонда ойнап отырғаны анықталды», — деді ПД баспасөз қызметіндегілер.

Полицейлер мәліметінше, жыл басынан бері елордада осындай 32 оқиға тіркеліп, төртеуі қаза болған. Полицейлер ересектерді қарапайым қауіпсіздік ережелерін сақтауға шақырады.

«Балаларды ешқашан қараусыз қалдырмаңыз, балалардың ашық тұрған терезе маңында ойнауына жол бермеңіз. Терезе тұтқаларын алып тастаңыз немесе арнайы құлып пайдаланыңыз», — деді полиция өкілдері.

Еске салайық, Нұр-Сұлтандағы тұрғын үйдің 10-қабатынан құлап кеткен бес жасар қызды сол жерден өтіп бара жатқан ер адам қағып алуға тырысқан. Осылайша ол қыздың жеңіл құлауына себепші болған.

Пікір қалдыру

Your email address will not be published.