A place where you need to follow for what happening in world cup

«Меркі қант зауыты» 170 шаруа қожалығына қарыз

294

Бүгін облыс әкімі Асқар Мырзахметовтің төрағалығымен өткен жиында «Меркі қант зауытының» шаруаларға қарызды қайтару мәселесі қаралды.
Айта кетейік, аталған қант зауытынан қант қызылшасын өткізген 170 шаруа қожалық ақшаларын ала алмай жүр. Келісімшарт бойынша бұл қаражат 90 күн ішінде төленуі тиіс болатын. Алайда қазірдің өзінде 50-ден астам диқанның ақша алатын мерзімі белгіленген уақыттан асып кеткен.
Басқосуда аймақ басшысы екі-үш шаруа қожалық жетекшілерінің уәждерін тыңдап, мәселенің мәнісіне көңіл бөлді. Асқар Исабекұлы зауыт басшылығына қарыз шығындарын қалайда уақыт созбай қайтару керектігін ескертіп, ол үшін құрғақ уәде емес, нақты жоспар-кестесін құруды тапсырды. Сондай-ақ, шұғыл барлық шаруа қожалық жетекшілерімен кездесіп, берешекті өтеу бойынша жоспар-кестемен таныстырып, келісімге келудің маңыздылығын жеткізді. Егер де наразы топ келісім бермесе, онда құзырлы органдар мәселенің ақ-қарасын анықтайтын болады.

Пікір қалдыру

Your email address will not be published.