A place where you need to follow for what happening in world cup

«Мерейлі отбасы-2022» ұлттық байқауы облыстық кезеңінің жеңімпаздары марапатталды

78

Тараз қаласы «Анаға тағзым» орталығында «Мерейлі отбасы — 2022» ұлттық байқауының облыстық кезеңінің жеңімпаздары марапатталды.

Ағымдағы жылы байқаудың аудандық/қалалық кезеңі 15 мамыр мен 15 маусым аралығында өткізілді.  Нәтижесінде, аудандық/қалалық кезеңге барлығы 247 отбасы қатысуға өтінім беріп, аудандық/қалалық комиссияның шешімдерімен облыстық кезеңге 22 отбасы жолдама алған болатын.

Ағымдағы жылдың 8 шілдесінде облыстық комиссия отырысы өткізіліп, облыстық кезеңнің жеңімпаз және жүлдегер отбасылары анықталды.

Шара барысында жеңімпаз және жүлдегер отбасыларға Алғыс хаттар және сертификаттар табысталды.

Байқаудың бас жүлдесін Тараз қаласынан өзінің 7 баласынан бөлек 12 ұл-қызды патронаттық тәрбиеге алып өсірген Ержановтар отбасы, І орынды 9 ұл  6 қыз дүниеге әкеліп,  36 немере 40 шөбере өсірген Байзақ ауданынан Мамырбаевтар отбасы, ІІ орынды Т.Рысқұлов ауданынан меценаттар жанұясы Далибаевтар отбасы, ІІІ орынды этносаралық келісім мен бірлікті нығайтуға елеулі еңбек сіңіріп жүрген Вансинвин отбасы иеленді.

Айта кетейік, 2013 жылғы 6 желтоқсандағы №250 өкімге сәйкес, «Мерейлі отбасы» ұлттық конкурсы 2014 жылдан 2022 жылды қоса алғанда ағымдағы жылы сегізінші рет өткізілді.

Облыста 2014 жылдан бастап 2022 жылды қоса алғанда байқауда 1500-ден астам отбасы бақ сынады. Олардың 60%-нан астамы көпбалалы, 185-і интернационалды отбасылар.

Пікір қалдыру

Your email address will not be published.