A place where you need to follow for what happening in world cup

Менің қиялымдағы әлем

798

Менің бала қиялымдағы әлем атты ойтолғау, яғни «Әр кәлләдә бір қиял» («Мечтать не вредно») демекші әр адам баласында өзінің бір ерекше қиялы болады. Қиял ол әр адамның фантазиясы, фантазиясыз адам болмайды. Фантазиясыз ол қиялсыз ғажайыпсыз, яғни өмірдің жарқын болашағына сенімсіз өмір сүру болып
табылады. Қиял баланың кіші жасынан пайда болады. Қиял адамға қанат бітіреді, өмірде коп позитивті, жағымды, жақсы ойлар ойлауымыз керек дейміз- ол шындық. Демек Жамбыл облысы бойынша ҚАЖ департаментіне қарасты қауіпсіздігі аралас №67 мекемесіндегі арнайы контингент арасындағы тәрбие жұмысы жөніндегі және әлеуметтік-психологиялық бөлімшесінің кәмелет жасқа толмаған жасөспірімдер
инспекторы әділет аға лейтенанты М.Н.Мыркалиева мен мекеме психологтары мекемеде ұсталынып отырған тергеудегі кәмелет жасына толмаған жасөспірімдермен «Менің қиялымдағы әлем» атты кішігірім тәрбиелік мәні бар іс-шарасы өткізілді. Осыған орай мекемедегі кәмелет жасына толмаған жасөспірімдер «Менің қиялымдагы әлем» атты тақырыбына өздерінің әлемін, киялын фантазиялап суреттеп ақ қағазға жеткізіді. Сондай ақ жасөспірімдердің көңіл күйлерін серпілу үшін психология тарапынан викториналық сұрақтар мен ойындар ойнатылды. Бұл іс-шара кәмелет жасына толмаған жасөспірімдерді олардың болашағы мен мақсаттары болуын сезіну және түзеу мақсатында оларға жоспарлы және максатты ыкпал етумен айқындалады, яғни жеткіншектердің ерекшелік жасына тән олардың білімдар, зерек, зерделі болуы үшін және талаптанып, көп ізденуіне мүмкіндіктер беріп үнемі жол ашып беру, олардың сурет салу және шығарма жазу және т.б жалпы сананы зерделеу болып табылады.

М.Н. Мыркалиева

Пікір қалдыру

Your email address will not be published.