A place where you need to follow for what happening in world cup

Мемлекеттік мекемелерге маска таратты

394

Жер-жаһанды карантиннің уысына үйіріп қойған індетпен жамбылдықтар да жұмылып күресуде. Бұл мақсатта халыққа сақтық шараларын барынша сақтауға байланысты түсіндірме жұмыстары жүргізіліп, көпшілік орындарда сақтану құралдарын пайдалану қажеттігі ескертілуде. Расында, көзге көрінбейтін коронавирус індетінен қорғынудың ең негізгі жолы маска тағу екені белгілі. Осы орайда жамбылдықтар тұрғындарға тегін бетперде таратып, өзінің және өзге адамдардың да денсаулығын қатерге тікпеу туралы ақпарат берілуде.

Аталған тұрғыдан келгенде өмір жолында шалыс басып, түзеу мекемесінде жазасын өтеп жатқан азаматтар да қоғам алдындағы борышын өтеу үшін маска тігуді қолға алған. Мәселен, Жамбыл облысы бойынша Қылмыстық-атқару жүйесі департаментіне бағынысты ЖД-158/2 мекемесінде бетперде тігу ісі жолға қойылған. Жуырда сотталғандардың қолымен дайындалған маскалар Тараз қаласындағы бірқатар мемлекеттік мекемелерге таратылды.

Нақтысын айтқанда, ЖД-158/2 мекемесінің басшылығының бастамашы болуымен облыс әкімдігі білім басқармасының «Ақыл-ойы дамуында кемістігі бар балаларға арналған арнайы мектеп-интернатына» 100 дана маска берілді. Түзеу мекемесінің тартуын мектеп директорының міндетін уакытша атқарушы Лиза Аттыбаева қабылдап алып, мекеме қызметкерлерінің мәрттігі үшін алғысын білдірді.

Сондай-ақ, осындай көлемдегі 100 дана бетперде Тараз қаласы әкімдігі жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімінің «Тараз қалалық өмірлік қиын жағдайда қалған адамдарды қайта әлеуметтендірілуге арналған орталығына» жеткізілді. Қоғам болып күресіп жатқан дерттің алдын алуға қосып жатқан үлесі үшін мекеме қызметкерлеріне разылығын білдірген орталық басшысы Гауһар Сейтқазиева жұрт болып жұмылғанда ғана індетті жеңе алатынымызды айтты.

Пікір қалдыру

Your email address will not be published.