A place where you need to follow for what happening in world cup

Мемлекеттік корпорациясының инновациялық жобасы таныстырылды

293

Digital Bridge 2023: Мемлекет басшысына «Құжаттамалық терминал» Мемлекеттік корпорациясының инновациялық жобасы таныстырылды.
Digital Bridge 2023 форумында «Азаматтарға арналған үкімет» мемлекеттік корпорациясы» КЕАҚ Басқарма төрағасы Қазақстан Республикасының Президенті мен шара қонақтарын құжаттама терминалымен таныстырды.
Бірегей жоба қазір Астана мен Алматыда жүзеге асырылды. Терминалдың арқасында азаматтар төлқұжат пен жеке куәлік алуға өздері өтініш бере алады. Рәсімдеу барысында клиенттер ең сәтті фотосуретті таңдап, мемлекеттік бажды сол жерде төлей алады. Өтінішті тапсыру 5 минуттан аспайтындай уақытты талап етеді.
«Жыл басынан бері 2 миллионға жуық азамат төлқұжат пен жеке куәлік алды. Көптеген жылдар бойы бұл қызмет Қазақстандағы ең танымал қызметтердің бірі болып табылады. Азаматтардың оны тез әрі кезек күтпестен алуы үшін Мемлекеттік корпорация ҚР ІІМ-мен бірлесіп «Құжаттамалық терминал» жобасын жүзеге асырды. Қазір терминалдар орнатылған халыққа қызмет көрсету орталықтарына азаматтар өтініштердің 25 пайыздан астамын өз бетінше береді», — деді Мемлекеттік корпорацияның басқарма төрағасы Сүйеніш Әбділдин.
Бүгінгі күні терминалдар Астанада Керей, Жәнібек Хандар көшесі, 4 және Алматы қаласында, Маркова көшесі, 44 мекенжайлары бойынша орналасқан халыққа қызмет көрсету орталықтарында орнатылған. Жобаны масштабтау аясында Астанадағы барлық халыққа қызмет көрсету орталықтарында терминалдар орнатылып, оларды іске қосу жұмыстары жүргізілуде. Мемлекеттік корпорацияның Басқарма төрағасының айтуынша, алдағы уақытта мұндай құрылғыларды бүкіл Қазақстан бойынша орнату жоспарлануда.
Айта кетер болсақ, елордада 12-13 қазан аралығында жыл сайынғы Digital Bridge 2023 халықаралық IT форумы өтуде. Сонымен қатар форумда «Qazaqstan Project Management Awards – 2023» жобаларды басқару ұлттық байқауының қорытындысы шығарылады. Мемлекеттік корпорацияның стратегия және жобаларды басқару қызметі «2023 жылдың үздік жобалық кеңсесі» номинациясында ұсынылған. «Мемлекеттік басқару жүйесін жетілдіру бойынша үздік жоба» арнайы номинациясына «eOtinish» -өтініштерді қабылдаудың автоматтандырылған платформасы» жобасы ұсынылды. Мемлекеттік корпорацияның қатысушылары сарапшыларға өздерінің презентациялары мен бейнебаяндарын ұсынды. Марапаттау рәсімі 13 қазанда Конгресс-орталықта өтеді.

Пікір қалдыру

Your email address will not be published.